«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қант» нарығына қатысушылар Кеден одағында реттемеленген жеңілдіктерден айрылып қалуы мүмкін

2014 жылғы 15 Қазан
4230 просмотров

Қазірде Белорусь Республикасының «Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 Шешіміне өзгертулер енгізуге қатысты ұсынысы талқыға салынуда. Бұл құжатпен 2010-2019 жылдар кезеңінде әкелінетін кедендік баждардан босатумен (жеңілдікті режим) Қазақстан Республикасы аумағына өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін қантты-құрақтық шикізатты әкелуге жол берілетіні орнатылғанын атап өту керек. Ал ұсыныс мәні осы жеңілдікті алып тастауда болып отыр.

Сонымен қатар, белорустық тарап еркін қойма кедендік процедурасына орналастыруға жататын тауарлар тізбесінен «шетелдік тауар мәртебесіне ие, қатты күйдегі құрақты қантты немесе қызылшалы және химиялық тұрғыдан таза сахарозаны» алып тастауды ұсынды.

Анықтама үшін: қазіргі кезде 26 отандық өнеркәсіптік кәсіпорын (кондитерлік өнімдерді, алкогольсіз сусындар мен шырындарды өндірушілер) ақ қантты әкелетін және пайдаланатын еркін қойма иегерлері болып табылады.  

Бұрындары ҚР ҰКП алаңында Кеден одағына қатысушы мемлекеттер Қант өндірушілер қауымдастығы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары өкілдерінің, сондай-ақ отандық өндірушілер мен қантты тұтынушылар өкілдерінің қатысуымен импортталатын қантты ЕЭА аумақтарында және еркін қоймалар иегерлерінің қолдану мәселесі бойынша жиналыс өткізілген болатын. Қазақстандық тағам кәсіпорындары өкілдері Қазақстандағы қант өндірісі көлемінің жеткіліксіз екендігін және төмендеу тенденциясына ие екендігін атап өткен болатын. Сонымен, үшінші елдерден бағасы мен сапасы сәйкес келетін қантқа сұраныс бар.

Анықтама үшін: КО елдері Қант өндірушілер қауымдастығының мәліметтеріне сәйкес, 2014-2015 жылдарға арналған КО елдеріндегі болжамды қант теңгерімі кезең басында қордың  3750 мың тоннаны құрайтынын, ал тұтыну 6205 мың тонна болатынын көрсетті

ҚР ҰКП пікірінше, Кеден одағы аумағында өндірілген қантқа сұраныс мәселесі нарықтық қатынастар сипатын алған және өзінің мәні жөнінен шаруашылық етуші субъектілердің өзара әрекеттестік мәселесі болып табылады.

Осы негіздемеде ҚР ҰКП КО бәсекелестік нарығын реттеу мақсатында ұлттықтың үстіндегі форматтағы Шешімге (КОК №130 Шешімі) өзгертулер енгізудің мақсатқа лайықсыздығы туралы позицияны ұстануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер