Кәсіпкерлер камералдық бақылау жүргізуді жақсартуды ұсынуда
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР ҚМ Мемлекеттік табыс комитеті өкілдерінің, сондай-ақ қауымдастықтар мен кәсіпкерлердің қатысуымен камералдық бақылауға қатысты проблемалы мәселелерді талқылау өтті.
Қазіргі кезде салықтық әкімшілеуде назар салық тексерістерінен камералдық бақылауды жүргізуге ауысқаны белгілі. Бұл салық қызметі органдарында бар мәліметтерді (салық есептілігі формалары, басқа да мемлекеттік органдардың мәліметтері) бір-бірімен салыстыру жолымен жүргізілетін салық бақылауы формаларының бірі.
Қазіргі уақытта автоматтандырылған режимде камералдық бақылауды іске қосу жүзеге асырылуда: ҚҚС бойынша, ҚҚС бойынша салық декларацияларын ұсынбау, ЖТС, жеңілдетілген декларация, ҚҚС және КТС бойынша жалған кәсіпорындардың контрагенттері бойынша, сондай-ақ сот тіркелуін жарамсыз деп таныған салық төлеушілердің контрагенттері бойынша. КТС бойынша бір салық департаментінің базасында автоматтандырылған камералдық бақылауды пилоттық іске қосу жүзеге асырылған.
Салық төлеушілер тарапынан наразылық негізінде хабарламалардың қате құрастырылуына, салық төлеушілердің түсіндірулерін қабылдамауға, салық органдары қабылдаған шаралардың заңсыздығына білдіріледі.
ҚР ҚМ Мемлекеттік табыстар комитеті қауымдастықтар мен кәсіпкерлер көтерген бірқатар проблемалы мәселелер мен ұсыныстарды қабыл алды. Олар кезекті отырыста талқыға салынбақшы.
Дөңгелек үстелдің хаттамасымен мына жерде танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: