«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлік және азаматтық іс жүргізу кодекстері жобаларын талқылау

2014 жылғы 14 Қазан
4008 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлік және Азаматтық іс жүргізу кодекстерінің жобаларын талқылау жалғасуда.

Кәсіпкерлік кодекс жобасы аспектілердің, оның бастапқыдағы редакциясында көзделгендей, кәсіпкерлік қызметті тек қана мемлекеттік ретеуден мемлекет пен кәсіпкерлік арасындағы өзара әрекеттестікке, бизнесті мемлекеттік қолдауға ауысуын көздейді.

Кәсіпкерлік кодекс жобасының тұжырымдамасымен мына жерде танысуға болады, Кәсіпкерлік кодекс жобасымен – мына жерде, ілеспе жоба тұжырымдамасымен – мына жерде, ілеспе заң жобасымен – мына жерде. 

Жоба бойынша өз ұсыныстарыңыз бен ескертпелеріңізді a.urazbekova@palata.kz мекен-жайы бойынша жолдай аласыз немесе мына телефон бойынша хабарлаңыз:  +7 7172 91 93 55 (Әсел Оразбекова).

 

Азаматтық іс жүргізу кодексі жобасы күрделілігі бойынша әртүрлі істерді қарастыру мерзімдері мен тәртібін саралау; судья өкілдіктерін, сот ісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттемелерін егжей-тегжейлі реттемелеу; татуластыру процедураларын қолдануды және дауалрды шешудің баламалы тәсілдерін жетілдіру, азаматтық іс жүргізуде бюрократизмге жол бермеу және т.б. жолдармен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын соттың тиімді қорғауын қамтамасыз етуді көздейді.

Азаматтық іс жүргізу кодексі жобасымен мына жерде танысуға болады. Жоба тұжырымдамасымен – мына жерде, аннотациясымен – мына жерде.

Жоба бойынша өз ұсыныстарыңыз бен ескертпелеріңізді a.aitbayev@palata.kz мекен-жайы бойынша жолдай аласыз немесе мына телефон бойынша хабарлаңыз: +7 7172 91 93 55 (Әсет Айтбаев). 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер