«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысы өтеді

2014 жылғы 10 Қазан
- Алматы қаласы
8065 просмотров

13 қазанда Алматыда ҚР ҰКП және қаладағы КП Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау бойынша кеңестердің бірлескен отырысы өтеді. Отырыс жұмысына Басқарма мүшесі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев қатыспақшы.

Кеңес Алматыдағы кәсіпкерлік қызмет дамуына кедергі келтіруші жүйелік проблемаларды қарастырады. Соны ішінде, бизнесмендер көбінесе жер қатынастары саласындағы жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан бұзушылықтарға ұшырасып жатады.

Сонымен, отырыс қатысушылары Алматы қаласындағы аялдама кешендерін мәжбүрлі түрде бұзу, сондай-ақ «ONE+ONE ADV» ЖШС жарнамалық конструкцияларын бөлшектеу деректері туралы ақпараттандырылмақшы.

Сонымен қатар кәсіпкерлердің Бостандық ауданының салық органдарымен әрекеттестігінде де проблема туындап отыр.

«Бату Travel» ЖШС жүгінуін мысалға ала отырып, отырыс қатысушылары Алматыдағы кәсіпкерлік қызметті субсидиялау мәселелерін талқыға салады.

Отырыс өтетін орын және уақыт: Абылай хан көшесі, 79 (3 қабат, үлкен конференц-зал), 15:00.

БАҚ өкілдерінің аккредиттеуден өтуі міндетті. 2014 жылғы 13 қазан күнгі 12:00 дейін аккредиттеуден өтуді сұраймыз.

Бірмаша егжей-тегжейлі ақпарат үшін ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментіне жүгінуді сұраймыз: +7 (7172) 91 93 67.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер