Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдер арасында өткен байқауда қазақстандықтар ең үздік инновациялық өнімдерін ұсынды
Уфада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің Жастар инновациялық форумы өтті. Форум аясында бизнес-жобалар байқауы өткізілді. Сайыс «Ең үздік инновациялық өнім», «Ең үздік инновациялық жоба» және «Ең үздік инновациялық идея» номинацияларында 6 бағыт бойынша жүрді.
«Наножүйелер индустриясы» бағыты бойынша «Ең үздік инновациялық өнім» номинациясында Қазақстаннан барған Владмир Таланов жеңіске жетті. Қалған екі номинация бойынша ресейлік Зарина Газизова мен қырғызстандық Нұрбек Сыдыкуулу марапатталды.
«Ауыл шаруашылық» бағыты бойынша қазақстандық Артем След де «Ең үздік инновациялық бағыт» номинациясында жеңімпаз атанды. Дәл осы бағытта қырғызстандық Аманбек Алтыбаев пен ресейлік Татьяна Приходько үздік деп танылды.
«Владимир Таланов – нағыз стартапер. Бизнесін жоқ жерден бастаған, түрлі мемлекеттен қолдау бағдарламаларына қатысқан. Және де бүгін, қорытынды ретінде, ол – әрекеттегі табысты кәсіпкер және «Тенра Аэролайф ауаны тұрмыстық және өнеркәсіптік тазалау бойынша инновациялық зерттемелер» жобасын әзірлеуші. Екінші жүлдегер – бұл Астанада және Қостанайда біз өткізген «Атамекен стартап» жобасының қатысушысы Артем След. Ол қазылар алқасының төрелігіне колорад қоңызына қарсы препарат алу бойынша авторлық технологиясын ұсынды және «Ауыл шаруашылығындағы ең үздік инновациялық өнім» номинациясында ешкімге дес бермеді», – деп жеңімпаздар туралы әңгімеледі қазақстандық делегация басшысы, «Атамекен стартап» ҚҚ директоры Нұрлан Тазабеков. Ол сонымен қатар 30 сарапшының бірнеше күн бойы 80-нен астам түрлі бағыттағы жобаны бағалағанын айтып кетті. Финалға 18 қатысушы шыққан.
Нұрлан Тазабековтың берген бағасына сүйенсек, форум үлкен табыспен өткен. Оған ШЫҰ елдерінен келген бизнес-идеялар байқауына қатысушылармен бірге стартап-саланың айтулы қайраткерлері, венчурлық инвесторлар, әлемге танымал стартап коучтар келді. «Қазақстаннан біз апарған жобалар жалпы фонда, өзіміз күткендей, лайықты көрініс тапты, екі жоба түрлі номинацияларды жүлдегер атанды», – деп бөлісті ойымен Нұрлан Тазабеков.
Қазақстандықтар стартап-жобаларға инвестициялар іздеуге арналған алқа отырысына қатысты, сондай-ақ Башқұртстан теледидарының тікелей эфирінде сөз сөйледі.
«Саммит қарарында ШЫҰ елдерінің бизнес-идеялар байқауын жыл сайын өткізіп тұру көзделген, онда «Атамекен стартап» Қоры басты ұйымдастырушылардың бірі болмақшы», – деп баса айтты қор басшысы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: