«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мүмкіндігі шектеулі жандар өз өнімдерін ұсынды

2014 жылғы 13 Қазан
4044 просмотров

13 қазанда ҚР ҰКП-да өткен көрмеде мүмкіндігі шектеулі 2 000-нан астам адам еңбек ететін 14 өңірдегі 48 кәсіпорын өз өнімдерін ұсынды.

Әлеуметтік-еңбектік оңалту ұйымдары қауымдастығына кіретін «Нұр» және «Өрлеу» кәсіпорындары жиһаз, типографиялық, тоқыма және пластмассалық бұйымдарды өндіреді, металл өңдейді және басқа да көптеген жұмыстар жасайды.

 

 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін кедергісіз орта жасауға белсене ат салысады. «Біз мүгедектер құқығын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын талқылауға қатысып жатырмыз. Бүгін сіз дәл осы мүмкіндіктері шектеулі адамдар өз қолдарымен жасаған өнімді өз көзіңізбен көре аласыз. Орын жетіспеушілігі салдарынан кәсірорындар өндіретін өнімдердің шағын ғана бөлігі ұсынылып отыр», - деп ойымен бөлісті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов.

Көрме аясында Қазақстандық соқырлар қоғамының президенті Байболат Әубәкіровтің «Шектелген мүмкіндіктердің шексіздерге эволюциясы» («Эволюция ограниченных возможностей к безграничным») кітабының тұсау кесері өтті. Кітап авторының айтуынша, кітап танымал мүгедек адамдардың жетістіктері тарихын баяндайды: «Олардың арасында мемлекеттік қайраткерлер, мемлекеттік емес ұйымдар көшбасшылары көптеп кездеседі. Мысалы, Франклин Рузвельт – төрт мерзімге сайланған АҚШ-тың жалғыз президент. Мұндай адамдар көп, соның ішінде Қазақстанда да».  

Сондай-ақ 13 қазанда мүмкіндіктері шектеулі жандар кәсіпорындарының қауымдастықтары салалық бірлестіктермен және «Самұрық-Қазына-келісім шарт» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Сонымен, олар «KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік және логистикалық ұйымдар және қауымдастықтар одағымен, Қазақстанның машина жасаушылар одағымен және ҚР Колледждер қауымдастығымен әрекеттестік орнатпақшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер