Тауарларға электронды таңбалауды енгізу жөніндегі бизнестің пікірі ескерілді
2014 жылғы 10 қазанда Минскіде мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары Еуразиялық кеңес отырысы өтті.
Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер аумағында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін енгізу қазақстандық бизнес-қоғамдастық үшін негізгі мәселе болды.
Мемлекет басшылары 2015-2016 жылдар бойында тері бұйымдарды таңбалау бойынша пилооттық жобаны іске қосуға шешім қабылдады, мұны ескере отырып жеңіл өнеркәсіп өнімдерін таңбалау бойынша жүйені құру туралы мәселе қаралатын болады.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өнімдерді жаппай таңбалауды енгізуге бірнеше мәрте қарсы шыққанын естеріңізге сала кетейік. Сонымен бірге Палатаның негізгі дәлелі экономикалық салдарларға және ұсынылып отырған таңбалау жүйесінің тиімділігіне талдаудың жоқтығы болып табылды.
Ұлттық палата Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Шешімінің 2 тармағының («пилоттық жобаны іске қосуды ескере отырып») қабылданған редакциясының бір мағыналы болмауына қарамастан, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін таңбалау бойынша жүйені құру мәселесі пилоттық жобаны жүзеге асыру қорытындысы бойынша, яғни 2017 жылы қаралатынына сенеді.
Бизнес-қоғамдастық бұдан арғы таңбалауды енгізудің мақсатқа лайықтылығы туралы КО және БЭК мүше мемлекеттер Үкіметтерінің шешімі пилоттық жобаның тиімділігіне жасалған объективті, жан-жақты экономикалық талдауға негізделеді, деп күтуде.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының барысында сонымен қатар Арменияның Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа қосылуы туралы Шартқа қол қою өтті.
Сонымен қатар, Қырғыз Республикасының Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуы бойынша Іс-шаралар жоспары («жол картасы») бекітілді.
Сондай-ақ бір күн бұрын ЕЭК Кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ аясында дәрі-дәрмектер айналымының бірыңғай қағидалары мен ережелері туралы Келісім жобасы мақұлданғанын айта кету керек.
«Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер аумағында жеңіл өнеркәсіп өнімінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін әзірлеу туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Шешімімен мына жерде танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: