«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнес-серпін» байқауының 2 кезеңі бастау алды

2014 жылғы 13 Қазан
3771 просмотров

Байқау Қазақстанның барлық аумағында жүргізіледі және алдын-ала іріктелген ең үздік жобалар нәтижелері бойынша жастар Алматы қаласында бір апталық іскерлік машықтанудан өту құқығы үшін күресетін болады.

Үш жеңімпаз 5 500 000 теңге, 2 700 000 теңге, 1 300 000 теңге мөлшеріндегі гранттарға ие болады, сондай-ақ 6 ай бойы компания қызметіне ресурстық қолдау мен сүйемелдеу көрсетіледі. Қорытындысында В2В компаниялардың қатысуымен ең үздік жобалар көрмесі өткізіледі. Кәсіпкерлер қажет консультациялар мен сараптамалық қолдау ала алады, сондай-ақ тәжірибелі мамандарға сұрақтарын қойып, бизнес идеясын бірге анықтайтын болады.

Бизнесті гранттық қолдаудың бұл байқауына қатысуға Қазақстан бойынша барлығы 235 өтінім келіп түсті, олардың ішінде Алматы облысы бойынша - 28. Қазылар алқасы мүшелері үшін қатысушыларда кәсіпкерлік қабілеттің болуы маңызды өлшем болды. Оларға қосымша материалдарды қолдана отырып, жобаны презентация түрінде не ауызша қорғауға 10 минут уақыт берілді.

Финалға жылжымалы кинотеатр жобасымен KazUP тобы және Елдос Баялышбаевтың Талдықорған қаласында арбадағыларға арналған оңалту орталығы бойынша жобасы шықты. Бұдан кейін екі топ ортақ бір идея – заманауи жарықтандыруы бар оңалту орталығын ашу идеясымен бірікті.

Осыдан соң, 10-31 қазан аралығында байқаудың сараптамалық кеңесінің Қазақстанның 8 қаласына сапары жоспарланып отыр: Талдықорған, Шымкент, Өскемен, Петропавл, Астана, Қостанай, Ақтөбе, Алматы.

Сараптамалық кеңес әрбір қалада іріктеу өткізіп, берілген өтінімдер арасынан финалға 25 адам өтеді.

Алматы қаласында өтетін финалда Қазақстан және таяу шетел жаттықтырушыларын тартумен бір апталық оқыту өткізу жоспарланып отыр. Байқау қорытындыларын шығару мен марапаттау салтанаты 21 қарашада Алматыда өтеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер