Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің жаңа Кеден кодексіне назар аударуын сұрайды
Мәскеу қаласында РФ СӨП кеден саясаты жөніндегі Кеңесінің және Ресейлік кәсіпкерлер және Өнеркәсіпшілер одағының интеграция, сауда-кеден саясаты және ДСҰ жөніндегі Комитетінің бірлескен отырысы өтіп, оның жұмысына ЕЭК-тегі ҚР ҰКП Өкілдігінің директоры Нұрболат Сукуров пен ЕЭК-тегі ҚР ҰКП Өкілдігінің сарапшысы Әлішер Нұғыспанов қатысты.
Іс-шара модераторы Ресей СӨП кеден саясаты жөніндегі Кеңесінің Төрағасы, РФ СӨП вице-президенті Георгий Петров болды.
ЕЭК Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің кедендік заңнама бөлімінің бастығы М. Искоскова Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің жобасымен жүргізіліп жатқан жұмыс барысы туралы презентациямен сөз алды.
РКӨО интеграция, сауда-кеден саясаты және ДСҰ жөніндегі Комитетінің жауапты хатшысы П. Исаев Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің жобасын даярлау бойынша РКӨО Жұмыс тобы қызметінің негізгі нәтижелері туралы баяндады. ЕАЭО КК жобасы бойынша бизнестің 12 жүйелік ұсынысынан тұратын РКӨО ЖТ дайындаған ұсыныстар топтамасына назар аударылды.
Бірінші бөлім интеграцияны тереңдету жөніндегі шараларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстардан тұрады (резиденттік принципін болдырмау, кеден органдарының аумақтық реттеу мәселелерін жою және т.б.). екінші бөлім әлемдік тәжірибенің ең үздік мысалдарына сәйкес кедендік реттеуді жақсарту шараларын жүзеге асыру бойынша ұсыныстардан тұрады ("бірыңғай терезе", құжаттаманың қайталануын жою, электронды құжат айналымы, алдын-ала ақпараттандыру, тауарды шығарғаннан кейінгі кезең). Үшінші бөлім – шектеу нормаларының санын қысқарту бойынша ұсыныстар, түсініктер мен анықтамаларды нақтылау, консультация форматын енгізу (Киото хаттамасына сәйкес).
СЭҚ Қолдау және сауданы дамыту орталығының басшысы Г. Баландина ЕАЭО КК жобасын өзгерту бойынша ұсыныстар туралы біршама егжей-тегжейлі айтып берді:
- бұқаралық және жеке мүдде теңгерімі (жеке меншікті шектеу, мүлікті еркін пайдалану, әкімшілік талаптар мен кедергілерге қойылатын шектеулер);
- кеден төлемдерін шығару және төлеудің бөлінуі;
- бірыңғай терезе және бірыңғай ақпарат кеңістігі;
- тауарды әкелгенге дейінгі және шығарғаннан кейінгі кезеңдерге бақылаудың жылжуы;
- өзара сауда үшін шектен тыс құқықтық кедергілерді жою;
- кеден аумағында экспортты қолдау және өндірісті дамыту мақсаттарына экономикалық мазмаұндағы кеден процедураларын баптау;
- тарифтік жеңілдіктердің толықтай бірегейленуі, сондай-ақ өзара саудадағы кедергілер тізбесі де түйінделді;
- СЭҚ ТН бойынша тауарлар жіктелуі (жүйелік ең маңызды);
- қызметті жүзеге асырушы тұлғалар мәртебесі;
- кеден төлемдерін төлеуді бас қамсыздандыру;
- кеден жеңілдіктерін ұсыну;
- «жеңілдікті» кеден процедураларын қолдану.
ЕЭК-тегі ҚР ҰКП Өкілдігінің директоры Нұрболат Сукуров бұл мәселелерді талқылау барысында Қазақстандағы ЕАЭО КК жобасына ұсыныстарды әзірлеу және талқылау бойынша ҚР ҰКП жүргізіп жатқан жұмыс туралы, бизнес-қоғамдастық ұсыныстарын үйлестіру қажеттігі туралы айтып берді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: