Дуалды оқыту бағдарламаларын жүзеге асыруда неміс тәжірибесі ескерілмекші
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаменті Трир (Германия) қолөнер палатасымен Дуалды оқытудың жол картасын дамыту бойынша жобаны әзірлеу және жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізді.
29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ҰКП делегациясы Германияда болып қайтты. Қазақстандықтар Неміс қолөнершілерінің орталық одағы, Берлин қолөнер палатасының оқу орталығы, Toyota сервистік-жөндеу орталығы және Федералдық кәсіптік білім беру институты өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Астанада, Қызылордада, Таразда және Шымкентте 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді. Өңірлер кәсіпорындары үшін ең көп талап етілетін үш мамандық анықталады, деп күтілуде. Сонымен қатар ҰКП және Трир Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы ынтымақтастықтың келешегі белгіленді. ГФР-дан ҚР-ға консультант жіберілмекші. Ол алғашқы жарты жылын Астанада өткізіп, сосын 2,5 жыл – Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қызмет жасайды. Қазақстандық мамандардың Германиядағы машықтануы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, неміс тәжірибесімен салыстыра отырып, қазақстандағы дуалды оқытуды енгізу бойынша жолбасшыны шығару, сондай-ақ кәсіпорын үшін ақпараттық ролик құру жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: