«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Таңбалауды енгізу мәселесі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте қарастырылмақшы

2014 жылғы 09 Қазан
3206 просмотров

2014 жылғы 10 қазанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында КО және БЭК елдері мемлекеттерінің Басшылары Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің аумағында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін әзірлеу мәселесін қарастырады.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қарсаңында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тағы да КО және БЭК елдері аумағында міндетті таңбалау енгізудің мақсатқа сәйкес еместігі туралы мәлімдеме жасады.

Ұлттық палата үстіміздегі жылдың 8 қазанында ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінде өз дәлелдері мен өз ұстанымына негіздемені ұсынды.

Қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың ұстанымын сонымен қатар үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегінде Мәскеуде өткен Бизнес-сұхбаттың 4 отырысында Қазақстанның Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова мен Мәскеу қаласында ЕЭК-тегі Ұлттық палата өкілдігінің директоры Нұрболат Соқыров жеткізген болатын.

Бизнес-қоғамдастықтың ойынша, міндетті таңбалау жеңіл өнеркәсіп саласына, импорттаушыларға және сауда кәсіпорындарына салмақты залалын тигізеді.

Өнімді «жаппай» таңбалауды қолдану жолымен қорғаудың оңды әлемдік тәжірибесінің болмауы контрафактімен пен контрабандамен күресте мұндай құралдың тиімсіздігін растайды. Кедендік әкімшілеу және бақылауды жетілдіру біршама ықпалды механизм болып табылады.

Жалпы, кәсіпкерлер мен тұтынушылар есебінен «жаппай» бақылауды қамтамасыз ету кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің қабылданған Тұжырымдамасына қайшы келеді.

Палата бизнес-қоғамдастықтың пікірі осы мәселе бойынша шешім қабылдауда ескерілетініне сенеді.

«КО және БЭК аясында таңбалау жүйесін енгізу» мәселесі бойынша ҚР ҰКП ұстанымының презентациясымен мына жерде танысуға болады.

Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдігінің Директоры Соқыров Нұрболат Николаевичтің Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік қоғамдастықпен бизнес-сұхбатының Консультативтік комитетіндегі баяндамасымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер