ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жалған кәсіпкерлікпен күрес мәселелері талқыға салынды
Пікірталасқа Бас прокуратура, Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкі, сондай-ақ ҚР Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің өткізілуіне себеп ҚР ҰКП-ға қарауға және келісуге жолданған ҚР Бас прокуратурасының ұсыныстары болды.
ҚР Бас прокуратурасының өкілі жалған кәсіпкерлікпен күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс жайлы әңгімелей келіп, ірі ақша сомаларын қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша заңды тұлғалардың операцияларына салық енгізу және жеке тұлғалар ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырғанда лимит орнату жағынан ұсыныстарын жеткізді.
Талқылау барысында ҚР ҰКП салалық қауымдастықтары, құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ жекелеген кәсіпкерлер ақша қаражатының көлеңкелі айналымын төмендету үшін әкімшілік және салық тетіктерін ғана пайдаланған жағдайда болатын жағымсыз әсерлер жайлы ұстанымдарын ортаға салды.
Дөңгелек үстел қорытындылары бойынша жалған кәсіпкерлікпен күрес бойынша ұсыныстарды пысықтауда адал ниетті салық төлеушілердің мүддесін міндетті түрде ескере отырып, жалған кәсіпорындар құруға көмектесетін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған кешенді тұрғыдағы ұстанымдар қолданылуға тиіс, деген шешім қабылданды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: