Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сертификаттар береді, сыртқы сауда қызметін жүргізеді және сотта төрешілік етеді
2014 жылғы шілде айында Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палаталарының функциялары оның таратылуына орай ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген болатын. Бұған 2013 жылғы 4 шілдеде «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңын қабылдау себеп болған еді, осыған орай «Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Заң күшін жояды.
Атап айтқанда, Ұлттық палата «Тауарлардың шығу тегін сертификаттау орталығы» ЖШС, «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» және «Төрелік және аралық сот ісін қарау орталығы» жеке меншік мекемесі сияқты ұйымдарды құрды.
Тауарлардың шығу тегін сертификаттау орталығы мына қызмет түрлерін ұсынады: тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру, тауарлардың тәуелсіз сараптамасын жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.
Және де үстіміздегі жылдың 12 шілдесінен бастап ҰКП қамқорлығымен Орталық өзінің өңірлік филиалдары арқылы тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды, сонымен бірге «CT-KZ» формасындағы ішкі айналымға арналған сертификаттарды ресімдеу, куәландыру және беру бойынша жұмыс жүргізуде.
ҰКП Тауарлардың шығу тегін сертификаттау орталығының директоры Нұржамал Сұлтанова айтқандай, орталықтың құрылуы ЕАЭО жағдайында өте өзекті.
«Бүгінде Қазақстан үлкен шикізаттық және өндірістік әлеуеті бар, қарқынмен дамушы ел болып табылады. ЕАЭО құрылуындағы жағымды тұстардың бірі қазақстандық тауарлардың Кеден одағы елдерінің нарықтарында еркін орналасуы болып табылады. Тауардың шыққан елін куәландыратын құжат, өз кезегінде, тауардың шығу тегі туралы сертификат болып табылады», - деп атап өтті Нұжамал Сұлтанова.
Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың құны бұрындары 4 АЕК құраған болатын. Жақында ҰКП Басқармасының шешімімен, бизнеске қаржылай жүктемені төмендету мақсатында ол 2 ЕАК мөлшеріне дейін төмендетілді.
Қызметтің қалған түрлері бойынша қазіргі сәтте ұйымдастырушылық мәселелер пысықталуда.
Тауарлардың шығу тегін сертификаттау орталығы мына мекен-жайда орналасқан: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 19 үй, «Д» блогы.
Телефоны:8(7172) 24-24-10.
Электронды мекен-жайы: certificate@palata.kz.
Сонымен қатар ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанынан тағы да бір еншілес ұйым – Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы құрылған, оны Сабыр Есімбеков басқарып жүр (бұрындары ол ҚР ҰКП Халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Атқарушы хатшысы болып қызмет жасаған, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасын басқарған).
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының алдына қойылған міндет – бұл сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнес мүддесін ұсыну.
Қазақстан ССП сауда-экономикалық миссиялар, шетелдік және отандық іскер шеңберлердің бизнес-кездесулерін ұйымдастырады, көрме-жәрмеңке қызметін жүргізеді, аударма қызметтерін көрсетеді.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының шақыруы бойынша 9-10 қарашада итальяндық кәсіпкерлер Астана және Алматы қалаларына сапар жасайды, 17-19 қарашада үнділік делегация сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында B2B кездесулер тобын өткізеді, 5 қарашада Алматыда қазақстандық-швейцарлық Іскерлік кеңес отырысы өтеді.
ССП екінші маңызды бағыты ақпараттық жұмыс болып табылады. Ол, ең алдымен, мемлекетіміздің барлық өңірлерін қамтитын Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірыңғай ақпараттық жүйесіне сүйенеді. Мысалы, осы ақпараттық жүйені қолдана отырып, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы іскерлік серіктестіктер іздеуге және оның сенімділігін бағалауға жәрдемдеседі, қазақстандық тауар өндірушілер үшін өткізу нарықтарын зерттейді.
Палата жұмысының үлкен көлемін кәсіпкерлікті құқықтық қолдау құрайды: қазақстандық және халықаралық заңнамалар мәселелері бойынша консультациялар, сыртқы экономикалық құжаттарды куәландыру, түрлі мәселелер бойынша заңгерлік қорытындыларды даярлау. Сонымен қатар, ҚР заңнамасына сәйкес, Сыртқы сауда палатасы бой бермейтін күштер мән-жайларын (форс-мажор жағдайлары) куәландыруға өкілетті республикадағы жалғыз ұйым болып табылады. Бұл Украинадағы оқиғалармен байланысты, Ресей Федерациясына қатысты экономикалық ықпалшаралармен байланысты зардап шеккен кәсіпкерлер үшін ерекше өзектеніп отыр.
Жұмыстың төртінші бағыты іскерлік білім беруді дамыту болмақшы. Осы қызмет аясында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы тақырыптық семинарлар, модульдық оқыту курстарын, тренингтер, презентациялар мен «дөңгелек үстелдер» өткізеді. Осылайша кәсіпкерлік қызмет үшін кадрларды оқыту және даярлауға жәрдем көрсететін болады.
Кәсіпкерлердің сыртқы сауда палатасы Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 8 үй, «Б» блогы мекен-жайында орналасқан.
Телефоны: 8(7172) 24-24-20.
Электронды мекен-жайы: cic@palata.kz.
«Төрелік және аралық соттың іс жүргізу орталығы» жеке меншік мекемесі – бұл Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жақында ғана құрылған еншілес ұйымы. Орталықты тәжірибелі заңгер Жұмабай Шәмшиев басқарады.
«Елбасы ҚР Парламентінің бірлескен отырысында бізге халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи төрелік қажет екенін баса айта отырып, Үкіметке осындай төрелік қызметті қамтамасыз ету және оны құру бойынша шаралар қолдануды тапсырған болатын», - деп атап өтті Жұмабай Шәмшиев.
Қазір штаттар бекітілген, жоғары заңгерлік білімі ғана емес, заңгерлік салада айтарлықтай тәжірибесі бар кадрларды іріктеу жүріп жатыр. Сонымен, ҰКП Төрелік және аралық сот ісін қарау орталығында отставкадағы Жоғарғы Соттың екі судьясы жұмыс жасайды, жауапты хатшы үш тілді меңгерген заңгер болып табылады. Олардың практикалық тәжірибесі мен білімі азаматтық-құқықтық саладағы шаруашылық даулармен байланысты мәселелерді реттеуге мүмкіндік береді.
Орталық қызметінің реттемесі, төрелік сот ісін қарау шығындары туралы ережелер дайындалған, сондай-ақ төрешілер тізілімі бар. Бұлар жақын арада Ұлттық палатаның сайтына орналастырылмақшы.
«Процедуралардың қол жетімділігі, объективтілігі және процедуралардың жеңілдетілу қағидаларын негізге ала отырып, біз шаруашылық дауларының тиімді түрде, ең алдымен, кәсіпкерлерге пайдалы түрде қаралуына қол жеткізгіміз келеді, олардың талап-арыздары барынша қысқа мерзімде қаралып қоймай, тәжірибелі кәсіпқойлардың оларды объективті, әділеті түрде қарауын қалаймыз»,- дейді орталық басшысы. Оның айтуынша, кәсіпкерлер көбінесе өтініш-арыздарының субъективті түрде қаралуынан қауіптенеді.
Жұмабай Шәмшиевтің сөзіне сүйенсек, төрелік орталығын құру дәл осындай тұстарды болдырмауға мүмкіндік береді, себебі тараптар төрешіге сене отырып, оны өздері таңдайды.
«Әрбір тарап өз төрешісін сайлайды, ал осы екі төреші төрешілік құрамының төрағасын сайлайды да, ақырында төрт адамның пікірі кез-келген дауды объективті түрде қарауға көмектеседі», - деп қорытты орталық басшысы.
Тағы да бір маңыздылығы жөнінен кем түспейтін фактор. Егер мемлекеттік сотта алым сомасы 3 пайызды құраса, ҰКП-да – екі пайыз. Сондай-ақ кәсіпкерлерге ыңғайлы болуы және олардың уақытын үнемдеу мақсатында ірі қалалар мен өнеркәсіптік өңірлерде орталықтың филиалдары құрылмақшы, сондай-ақ, ең алдымен, жақын шет елдерде, сосын басқа да мемлекеттерде өкілдіктер ашылады. Қазір Орталық төрешілер алмасу, өзара көмек көрсету, консультация беру және т.б. бойынша басқа да төрешілік соттармен келіссөздер жүргізуде.
Сотқа дейінгі формалар деп аталатын – медиаицияға, істі сотқа жеткізбей дауды реттеуге үлкен көңіл бөлінеді.
«Бізде еңбек даулары бойынша жеке сектор ашылатын болады, онда өтініш берушілер проблемалары мен мәселелерін шешу бойынша консультациялар алады. Төрешілік ғылыми зерттеулермен, талдаумен бекітілсе, тиімді бола алады. Осы мақсатта арнайы талдау бөлімшелері құрылып, олар мәліметтер негізінде болжамдар жасайды, жалпы Қазақстан төрешілігі қызметінің тиімділігін қарайды, сондай-ақ шет елдер тәжірибесін зерттейтін болады», - дейді орталық басшысы.
Төрешілік және аралық сот ісін қарау орталығында сонымен қатар төрешілер, медиаторлар, сарапшылар және басқа мамандарды даярлау және біліктіліктерін көтеру үшін оқу курстарын ашу жоспарланып отыр. Бұл мамандар кейін жоғары деңгейде төрешілік сот ісін қарауға қатыса алатын болады.
ҰКП Төрелік және аралық сот ісін қарау орталығы мына мекен-жайда орналасқан: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д. Қонаев көшесі, 8 үй, «Б» блогы.
Телефондары: 919-381 (ішкі 1759); 919-382 (ішкі 1781).
Электронды мекен-жайы: arbitration@palata.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: