«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Таңбалауды енгізу мәселесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде талқыланды

2014 жылғы 02 Қазан
3392 просмотров

Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше елдерде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін таңбалау жүйесін енгізу кеше ғана Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен Еуразиялық экономикалық Кеңестің кезекті отырысында тағы да талқылау тақырыбы болды.

Пікірталасқа сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Отырыста белорусьтық тарап таңбалауға жататын тауарлар тізбесін кеңейту қажеттігі туралы ұсынысын жеткізді. Осылайша, халықтық тұтынудағы барлық тауарларды міндетті таңбалау идеясы қайта жаңғыртылды.

Осыған орай Қазақстанның Тауар өндірушілер және экспортшылар одағы, Тамақ кәсіпорындары одағы, темекі өнімдерін өндірушілер өз наразылықтарын білдірді.

Ресей бизнес-қоғамдастығы да аталмыш ұсынысқа кері көзқарас айтуда.

Сонымен бірге үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегінде вице-министр Альберт Раудың төрағалығымен ҚР Инвестициялар және даму бойынша министрлігінде өткен соңғы жиналыста «Ақ жол» партиясы мен Ұлттық тұтынушылар лигасы да міндетті таңбалауға келіспеушіліктерін білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша міндетті таңбалауға жататын тауарлар тізбесін қалыптастыруға және 2014 жылғы 10 қазанда мелекеттер басшыларының қарауына шығаруға шешім қабылданды.

КО және БЭК аумағында міндетті таңбалауды енгізудің мақсатқа лайықсыздығы жайлы Ұлттық палатаның бірнеше мәрте мәлімдегені белгілі.

Таңбалауды енгізу өндірушілердің шығындарын көбейтеді де, бұл, сәйкесінше, тұтынушылар үшін жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қымбаттауына әкеледі. RFID-таңбаларды соғудың ағымдағы бағасын ескере отырғанда, таңбаланатын тауарлардың бағасы 20 теңгеге өсетін болады.

Халықтық тұтыну тауарларына акциздік саясат элементтерін қолдану, Палатаның ойынша, өнеркәсіптік ынтымақтастық және салық саясаты аясандағы РФ, ҚР және БР арасында қол жеткізілген келісулер мен әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша қайшы келетін және жол берілмейтін шара болып табылады.

Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың мүдделерін алға тарта отырып, Палата КО және БЭК елдерінде таңбалау жүйесін енгізу туралы шешімге тыйым салуды бұдан кейін де алға тарта бермекші.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер