Ресей-Қазақстан Іскерлік кеңесі Атырауда өткізілмекші
2014 жылғы 29-30 қыркүйекте Атырау қаласында Қазақстан және Ресей XI Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді, осының аясында ресейлік-қазақстандық Іскерлік кеңес отырысы өтеді.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев осылай хабарлады.
Ресейлік-қазақстандық шекара маңы мәселесі жөніндегі Іскерлік кеңес 2006 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының сауда-өнеркәсіп палаталарының бастамасы бойынша құрылған болатын.
«Біз айтарлықтай қызықты және мазмұнға бай төрт панельдік сессия өткізуді ұсынамыз. Олардың біріншісі Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың, сондай-ақ ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен РФ Сауда-өнеркәсіптік палатасы арасындағы әрекеттестіктің өзекті мәселелеріне арналатын болады. Екінші панельдік сессия барысында еуразиялық интеграцияның проблемалы мәселелерін талқыға саламыз. Біз оларды үнемі көтеріп отырамыз. Осы проблемалар жайлы тіке және ашық айтуды өзіміздің парызымыз бен міндетіміз деп есептейміз», - деп атап өтті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының Орынбасары Рахым Ошақбаев.
Рахым Ошақбаев
Оның айтуынша, үшінші сессия мұнай-газ сессиясының мәселелеріне арналмақшы, себебі мемлекеттік индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы аясында Атырау мұнай-газ химиялық кластерін құру басымдылық болып табылады, және де шектес салаларға, әсіресе машина жасау жағынан аса үлкен қызығушылық туындайды. «Төртінші сессия айтарлықтай күтпеген мәселе төңірегінде, бірақ сонымен бірге өзекті де. Оны «KazLogistics» Қазақстан Көлікшілер одағы өткізеді, және де ол Ресей Мен Қазақстанның трансшекаралық өзендері бойымен кеме қатынасы дамуы мәселесіне арналған», - деп қосты ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.
Сонымен бірге, Рахым Ошақбаев айтып кеткендей, бұл саланың үлкен экономикалық әлеуеті бар. Бір айта кететіні, бұл өзендегі кеме қатынасын жаңғырту мақсатында ЕАЭО туралы Шартқа қол қою аясында ескеріліп кеткен негізгі мәселелердің бірі.
«Мәселе қазақстандық кемелердің ресейлік өзендер арқылы қозғалуы үшін рұқсат ала алмай жүргендігінде болып отыр. Бұл мәселені шешу қазақстандық экспортты ұлғайтуға мүмкіндік берер еді. Біз ЕАЭО туралы Шартқа белгілі бір нормаларды тіркедік, бірақ, мәселе бұдан арғы дамуын басқа да келісімдерден табуға тиіс, деген ойдамыз», - деп атап өтті Рахым Ошақбаев.
Атырауда өтетін Іскерлік кеңеске Ресейдің аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының, бизнес-қоғамдастығының өкілдері келмекші, атап айтқанда, Екатеринбургтен үлкен делегация келеді.
Қазақстандық тараптан өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, бірінші кезекте, шекара маңы өңірлеріндегі палаталардың басшылары, қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысады.
Іскерлік кеңес жұмысына бірыңғай кедендік аумақ аясында Ресейге жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу саласында табыспен жұмыс жасап жүген Оңтүстік Қазақстаннан келетін бизнесмендер де қатысады.
Қазақстан және Ресей XI Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясындағы Форумалды бағдарламасымен мына жерде танысуға болады.
Ресейлік-қазақстандық Іскерлік кеңес қатысушыларының тізімін мына жерден қарауға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: