Әкімшілік кедегілер бизнеске айтарлықтай қиындықтар туындатады
Қазақстан мен Ресей заңнамаларымыздың жетілдірілуі мен нарыққа бағдарлануында елеулі жетістіктерге жетті, алайда сонымен бірге әкімшілік кедергілердің болуы құқық нормаларының осы нарыққа бағдарлануында айтарлықтай қиыншылықтар туындатады.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева Атырауда өткен Іскерлік кеңесте осылай мәлімдеді.
Оның сөзінше, Қазақстан мен Ресей Бірыңғай Экономикалық кеңістікті құру жағдайында бизнес проблемаларын шешу, бәсекеге қабілеттілікті көтеру, кеден процедураларын реттеу және әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында бірқатар бірлескен шараларды қолданды. Сонымен бірге соңғы тақырып бүгінде Үкімет деңгейінде де, іскер серіктестер деңгейінде де екі мемлекеттің өзара қарым-қатынасындағы негізгі мәселе болып отыр.
«Әкімшілік кедергілердің болуы осы нарыққа бағдарланған құқық нормаларын жүзеге асыруда салмақты қиыншылықтар туғызады. ҰКП мұны өз жұмысының стратегиялық бағытының бірі - бизнес-климатты жақсарту және бизнеске әкімшілік жүктеме деңгейін төмендету деп есептейді», - деп атап өтті Гүлнар Құрбанбаева.
ҰКП Басқармасы басшысының орынбасары Ұлттық палата бірінші кезекте заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмысты бастағанын айтып берді.
«Дәл осы қазақстандық бизнестің бастамасы бойынша үстіміздегі жылдың ақпан айында Елбасының Жарлығымен Қазақстандағы бизнесті құқықтық реттеудің жағдайын салмақты түрде өзгертуге мүмкіндік берген түбегейлі шаралардың тұтас бір қатары қабылданған болатын, - деп хабарлады Гүлнар Құрбанбаева. – Қандай да бір болашақ шешімдерді қабылдауға мораторийден бастап, 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілерін жоспарлы тексеруден бас тартумен аяқтай отырып, бұл мәселе, тәуекелдерді бағалаудың жағдаяттық жүйесіне көшу (қазірде жүріп жатқан күрделі процесс белсенді түрде талқылануда және біздің заңнамамызда қабылданатын болады)».
Сонымен қатар, ҰКП 200-ден астам нормативтік-құқықтық актіге 400-ден астам түзету енгізе отырып әкімшілік жүктеме көлемін барынша төмендетуге тырысты, және де бүгінде Парламент депутаттары оларды қарастыруға дайын.
Гүлнар Құрбанбаеваның айтуынша, әрекеттегі заңнаманы жүзеге асыру және мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде талаптардың тұтас бір қатарының күшін жою мемлекеттік органдардың тексеріс қызметі мәселелеріндегі жемқорлық деңгейін төмендетуге объективті түрде әсерін тигізеді.
Оның сөзіне сүйенсек, бүгінгі күнде талаптар тізбесін шамамен 35 пайызға қысқартуға қол жеткізілген, және де бұл жұмыс жүйелік негізде жүргізілуде. Бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей байланысты талаптарға мемлекет бақылаушыларының назарын ерекше аударуға мүмкіндік береді. «Бұл тұрғыдан келу, менің ойымша, біздің ынтымақтастығымыз аясында және ресейлік кәсіпорындардың бизнесін жүгізу үшін Қазақстанға келуі шартында, және де бірлескен ынтымақтастық жағдайларында бағдарлануға және ұсынылуға тиіс», - деп ескерте кетуді ұмытпады Гүлнар Құрбанбаева.
ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары сонымен қатар әкімшілік кедергілерді төмендетуде бизнес-қоғамдастықтың сұхбат алаңдарына қатысу мәселесі, кеңесу органдарының құрылуы үлкен роль атқарады, деген ойда. «Не олар құрылады, не бұрыннан бар. Бізде ұлттық, ұлттықтың үстіндегі деңгейде бар. Олардың бірі – БЭК жанындағы консультативтік комитет. Онда көпшіліктеріңіз жұмыс жасайтын да шығарсыздар. Біздің ойымызша, бизнестің келіссөздік қуаты күшейген сайын, сіз бен біз беретін ұсыныстар сапалырақ өтеді. Қазақстан аумағында осындай алаңдарды түрлі мемлекеттік органдар жанынан барлық жерлерде дерлік құра алдық, және де, аса маңыздысы, бұл заңнамалық-құқықтық жағынан нығайтылды немесе тіпті қоғамдық ұйымдардың қандай да бір заң нормаларына сараптамалық қорытындылар беру құқығын да қабылдау мемлекеттік органдардың міндеті. Сонымен бірге келесі жылдан бастап талдау жүйесінің өзі жаңа тәртіпте жұмыс жасауды бастайды», - деп ақпараттандырды Гүлнар Құрбанбаева.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: