«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өкілетті экономикалық операторларға қойылатын талаптар күшейтілді

2014 жылғы 29 Қыркүйек
3671 просмотров

 

Кедендік заңнамаға Өкілетті экономикалық операторлар институты бойынша өзгертулер енгізіледі.

Қазір Парламент Мәжілісінде кедендік әкімшілеу мәселелері бойынша заң жобасы жатыр, онда бірқатар түзетулерді енгізу ұсынылуда. Заң жобасы баптарының бірі Өкілетті экономикалық операторлар институтын жетілдіру болып табылады.

Өкілетті экономикалық оператор (ӨЭО) – қызметі кеден әкімшілігінің мақұлдауын алған сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы.

ӨЭО институты ЕО қатысушы елдер, Қытай, АҚШ, Түркия сияқты әлемнің 60-тан астам елінде әрекет етеді.

Қазақстанда бүгінгі таңда 91 ӨЭО әрекет етеді, оның  ішінде 11- өндіруші (35 куәлік тоқтатылып, 13 куәлік қайтарылып алынды).

Сонымен, заң жобасын дайындаушылар ӨЭО мәртебесін беру шарттары бойынша талаптарды күшейтуді ұсынуда. Атап айтқанда, өкілетті экономикалық оператор сыртқы экономикалық қызметпен бұрынғыдай екі жыл емес, үш жыл айналысуға тиіс, әрбір жыл үшін тауарларға кем дегенде 10 декларация тапсыруы керек.

Дайындаушылар  үш жылдық кезеңді тексеріспен қамтитын аудиторлық есептің, нарықтық баға бойынша кем дегенде бес жүз мың еуроны құрайтын жеке капитал туралы ақпараттың, бухгалтерлік есепті жүргізудің жалпы қабылданған қағидаларына бухгалтерлік есептің сәйкестігі туралы ақпараттың болуы бойынша норманы қосуды ұсынады. Сонымен қатар жеке меншік құқықығында немесе шаруашылық жүргізу құқығында өндірістік операциялар жүзеге асырылатын жайларды, ашық алаңдарды және өзге аумақтарды жалға алудың міндетті болуы бойынша норма да қосылды.

Арнайы жеңілдетулерді алуға қатысты 32 баптың 2 тармағына өзгертулер енгізілуде. Оларды бірқатар шарттарды ұстанған жағдайда ӨЭО мәртебесін табыстағаннан кейін бір жылдан соң алуға болады. Атап айтқанда, әр жыл үшін тауарларға кем дегенде 20 декларация болған жағдайда, жыл бойында кедендік төлемдер және салықтар жағынан қарыздар болмаған жағдайда. Сонымен қатар, егер өтінім берушіде бірқатар баптар бойынша қылмыстық және әкімшілік істер қозғалмаған болса, егер оның нарықтық бағам бойынша кем дегенде бес жүз мың еуроны құрайтын жеке капиталы болса, ал бухгалтерлік есеп дұрыс жүргізілсе.

ӨЭО куәліктерін беру, тоқтату және қайтарып алу тәртібіне қатысты өзгертулер енгізу ұсынылуда. Сонымен, ТДСН төлеуді бас қамсыздандыруды растайтын құжаттарды ұсыну бойынша нормалар қосылды (төлем құжатының көшірмесі, төлеуші мен кеден органының арасында жасалған мүлік кепілдігі шарты, кепілдік мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі, банк кепілдігі шарты, кепілгерлік шарты, аудиторлық есеп, меншік құқығын растайтын құжаттар).

Сонымен қатар ӨЭО міндеттемелері мен жауапкершілігі бойынша бап қосылды. ҚР КК ӨЭО ұсынылатын арнайы жеңілдетулер бойынша 65 бап айтарлықтай пысықталды. Заң жобасында арнайы жеңілдетулердің 2 деңгейі қарастырылады. Біріншісі 4 жеңілдетуді болжайды, екіншісі – 7.

Өтпелі ережелер қарастырылған. ӨЭО Тізіліміне енізілген өкілетті экономикалық операторлар бұл заң жобасы енгізілгенге дейін, оның күшіне енген күнінен бастап алты ай ішінде өз қызметін жөнге салуға міндетті.



 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер