«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сараптама мен сертификаттау бір-бірінен ажырамас процестер

2014 жылғы 29 Қыркүйек
4542 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында тауардың шығу тегі сараптамасын беру туралы мәселені талқылай келе, «дөңгелек үстелге» қатысушылар осындай қорытынды жасады.

Іс-шара бизнестің барлық өңірлік өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция форматында өтті. Пікірталасқа тікелей қызметті тұтынушылар, яғни отандық тауар өндірушілер, сондай-ақ нарық жағдайында тауардың шығу тегін сараптау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын сараптамалық ұйымдар қатысты.

Басты мәселе: тауардың шығу тегіне сараптаманы кім жүргізуге тиіс. Дөңгелек үстелге қатысушылардың ойынша, бұл функциялар үстіміздегі жылдың 12 шілдесінен бері тауардың шығу тегі сертификаттарын берумен айналысып келе жатқан Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілуге тиіс. Көпшіліктің пікіріне сүйенсек, екі процедура да бірыңғай өкілетті органда жүзеге асырылуға тиіс.

Бір айта кететіні, бұл дилемма өткен жылдың желтоқсан айынан бері келе жатыр, және де мәселе түрлі деңгейлер мен жиналыстарда талқыланды. Үкімет ұсыныстарды қарауға және «жалған өндірушілер" үшін берілген сертификаттарға шағымдардың түсуі жиілеп кеткендіктен, мемлекеттік органдармен және мүдделі ұйымдармен, кәсіпорындармен бірлесіп шоғырландырылған пікірді жасап шығуға бірнеше мәрте тапсырма да берді.

Мемлекеттік органдар сараптама жүргізу және тауардың шығу тегі сертификаттарын беру бойынша функцияларды ҰКП тұлғасындағы бірыңғай өкілетті орган жүргізуге тиіс деген бір пікірге келіп отыр. Дегенмен, Үкімет бұл мәселені нарық қатысушыларының ойын ескере отырып зерттеу керек деген ойда.

300-ден астам кәсіпкер арасында жүргізілген сауалнама көрсеткендей, отандық тауар өндірушілердің көпшілігі әрекеттегі екі кезеңдік процедураны бір өкілетті органға біріктірген дұрыс болады, деп санайды. Олардың ойынша, бұл уақыт жағынан да, қаржылық тұрғыдағы да шығындарды қысқартуға көмектесіп, процестердің қайталануы мен құжаттардың қосарлы пакетін ұсынуды болдырмайды.

Бір айта кететіні, Кеден одағы елдерінде сертификаттарды ресімдеу бойынша барлық процедураларды Сауда-өнеркәсіп палаталары және тек солардың ғана құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады, себебі бұл бір-бірінен ажыратылмас процестер. Яғни сараптама нәтижелері бойынша тікелей сертификат ресімделеді, ал оның дұрыстығына жауапкершілікті бір өкілетті орган өз мойнына алады.

Бізде болса, тәжірибе көрсетіп отырғандай, сарапшы-аудиторлардың актілері шығу тегінің нормаларына үнемі сәйкес келе бермейді. Оның үстіне сарапшы-аудиторлар берілген сараптама актісі үшін әкімшілік жауапкершілікпен ғана шектеле отырып, берілетін сертификаттарға жауапкершілікті алмайды.

«Тағы да бір маңызды дәлел ақырында берілген сертификат үшін өкілетті орган тікелей жауап беретіні және барлығы сол органнан сұралатыны болып табылады.  Ақпараттың анықтығына кепілдік бере отырып, мөр мен қолды қоятын да сол орган, оның үстіне ол мемлекеттік орган тарапынан жыл сайынғы тексеріске де ұшырамайтын тысқары ұйымдардың сараптамалық қорытындысын негізге алады», - деді осы жөнінде ҚР ҰКП Тауарлардың шығу тегін сертиффикаттау орталығының директоры Нұржамал Сұлтанова.

Баға мәселесін де ескеру қажет. Егер бір сараптаманың құны нарық жағдайында 20 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі соманы құрайтын болса, ал ҰКП-да сертификатты 3 704 теңгеге алуға болады (2 АЕК).

Сонымен бірге қазіргі кезде тауарлардың шығу тегін сараптаумен айналысатын сараптамалық ұйымдар екі қызметті біріктіру олардың сапасының нашарлауына, сондай-ақ мерзімдердің ұлғайып, сертификат алуға кезекке тұруға әкелуі мүмкін деген ойда. Сонымен қатар, олар сарапшы-аудиторлардың жұмыссыз қаларына алаңдауда. Бірақ негізгі дәлелдердің бірі сараптаманы беру монополияға алып келуі мүмкін екендігі, ал бұл, олардың ойынша, нарық субъектілерінің мүддесіне қайшы келеді және адал ниетті бәсекелестікке қайшы келеді.

Дегенмен, отандық тауар өндірушілердің ойы бұдан өзгеше. Керісінше, олар ҰКП бастамасын қолдап отыр және бастаманың уақытында жасалып отырғанын айтады. Олардың сөзіне сүйенсек, көбінесе олар нарықта жалған кәсіпкерлікке жиі ұшырасып қап отырады, оларда да адал ниетті кәсіпорындардағыдай «СТ-КZ» сертификаттарына ие,  ал бұл құжат мемлекеттік сатып алуларға қатысып, жеңіп шығуға көмектеседі. Отандық өнеркәсіптің әлсіз дамуына себеп те осы.

Нұржамал Сұлтанова атап өткендей, процедураларды біріктіру құжат айналымының азаюына, екі кезеңдік процедуралардың қысқаруына, және де сарапшы-аудиторлар мен өкілетті тұлғалар жұмысының қайталануын болдырмауға әкеледі. «Сонымен қатар сараптама мен сертификаттауды біріктіру осы қызмет түрі үшін бір терезе қағидасын енгізуге мүмкіндік береді. Бұл да Қазақстанда табыспен көрсетіліп жатқан қызмет», - деп атап өтті Тауарлардың шығу тегін сертификаттау орталығының басшысы.

Сонымен бірге, ҰКП өз құзыретінің аясында сертификаттарды беру бойынша өкілетті органның қызметін тікелей қоғамдық бақылауды қамтамасыз етпекші, бұл көрсетілетін қызметтердің жай-күйіне объективті түрде баға беруге, соның ішінде ҚР бүкіл аумағындағы баға құрылуын реттеуге мүмкіндік береді.

Бір айта кететіні, жеке меншік сараптамалық ұйымдардың қызметкерлері жұмыссыз қалуы төңірегіндегі қауіптенуі негізсіз. Ұлттық палата сараптаманы сертификаттарды беру жөніндегі өкілетті органға беру туралы шешім қабылданған жағдайда, барлық әрекеттегі және білікті сарапшы-аудиторлардың болашақта жұмысқа тұрғызылатынына сендіреді.

Осыған орай ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева бәсекелестік туралы заңнама саласындағы түсіндірулерді алу үшін мәселені ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетімен пысықтауды тапсырды.

«Егер қарастырылып отырған мәселе бойынша бәтуаға қол жеткізілмейтін болса, онда шешім ҰКП Төралқасы деңгейінде қабылданатын болады», - деп қосты Гүлнар Құрбанбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер