ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Атырауда жұмыс жиналысын өткізді
Бизнес өкілдеріне, әсіресе ауылдық жерден шыққан кәсіпкерлерге жан-жақты көмектесу. ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Атырау облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен жұмыс жиналысының барысында осындай тапсырма берді.
«Бизнес – бұл көшбасшы болу, бизнес-ұйымдастырушы болу, өз ісін ашу тәуекелдерін өзіне қабылдай алатын адамдардың шағын ғана пайызы. Қандай да бір мемлекеттік органда отыру, екінші рольді алу, жауапкершіліктен қашу өте оңай, бірақ адамдардың қандай да бір пайызы өзін жүзеге асыруды қалайды. Осындай адамдарды тауып, көмектесуіміз қажет. Бизнесмен – дегеніміз бір данадан шығатын тауар, оларды табыңыздар, көмектесіңіздер. Олардың қолынан жетелеуге тиіспіз, әсіресе ауылдан шыққандарға жан-жақты көмек көрсетуіміз қажет», - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
Жиналыс барысында Атырау облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жақиев үстіміздегі жылдың басынан бергі қызмет қорытындысы бойынша есеп берді.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы 30 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қоғамдық мониторинг өткізіп, мониторинг аясында 684 кәсіпкерлік субъектісінен сауалнама алынған. Нәтижелер бойынша кәсіпкерлердің қалпына келтіруге рұқсат беру тәртібіне, кедендік тазарту мен тауарды шығарудың өтуіне, жер телімінің мақсаттық тағайындалуын өзгертуге рұқсат беру, сондай-ақ қоныстандыру жобаларын бекіту тәртібіне көңілдері толмайтыны анықталды.
«Бүгінгі күні кәсіпкерлердің 50 өтініші қаралып, 23 кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді. Жергілікті атқару органдарының 47 нормативтік-құқықтық актілері бойынша сараптамалық қорытынды берілді. ӨКП жергілікті атқарушы және аумақтық органдар жанында 16 консультациялық-кеңесу органымен ұсынылған», - дейді Асылбек Жақиев.
ҰКП Төралқа басшысының айтуынша, Қазақстандағы кәсіпкерлік ортаны жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеу қажет.
«Кәсіпкерлерге қызметтер «бір терезе» қағидасы бойынша көрсетілуге тиіс. Қазірде КҚКО құру бойынша жұмыс жасап жатқанымыз дұрыс дүние, деген ойдамын. Жағымды тәжірибе көрсетуге тиіспіз, кәсіпкерлерді қолдау орталықтары шынымен де кәсіпкерлік субъектілеріне көмектесуге тиіс. КжТБ кәсіпорындары бойынша жұмыс жүргізілуде, жағымды нәтижелер де жоқ емес. Ел Президенті үнемі ауызға алып жүргендей, бұл жұмыс ҰКП арқасында жылжуда. Енді жастарды бизнеске тартумен айналысуға жұмылу қажет. Осы міндетті орындау жағын ойластырайық», - деп баса айтты ҰКП Төралқа басшысы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: