«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ШҚО-да кәсіпкерлер қызметіне кедергі жасап отырған мемлекеттік органдарға тексеру жүргізуді ұсынады

2014 жылғы 25 Қыркүйек
4449 просмотров

 

ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес және Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің бірлескен отырысында  Кеңес төрағасы Ғани Қасымов кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша өтініш-хаттардың төрттен бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысынан келіп түсетінін атап өтті.

«Егер шенеунік бір кәсіпкерге, екінші, үшінші кәсіпкерге бизнесін жүргізуге кедергі келтіретін болса, әр кәсіпкердің мәселесін шешуге көмектесу емес, осындай кедергі жасап отырған шенеунікке қатысты тиісті әрі дұрыс шара қолдану керек», - деді Ғани Қасымов.

Атап өтетіні, жыл басынан бері ШҚО Кәсіпкерлер палатасының атына кәсіпкерлерден олардың құқықтарын қорғау өтінішімен 400-ден астам өтініш-арыз келіп түскен. Олардың ішінде өңірлік палата сарапшыларының көмегімен кәсіпкерлерден келіп түскен 80-нен астам өтініш-арыз бойынша мәселелер оң шешімін тапқан.

Сондай-ақ Ғани Қасымов облыстың консультативтік-кеңестік органдарының мүмкіндіктерін пайдаланған жөн деп санайды. Ғани Қасымовтың айтуынша, ШҚО кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің консультативтік-кеңестік органдардың әрқайсысының 50-пайызын қатысушысы болуы бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жергілікті әкімдіктермен өңірлік палаталардың консультативтік-кеңестік органдар құрамында 50 пайыз қатысуын қарастыратын меморандумдар,  қағидаларға қой қою бастамасын көтеруде. Ғани Қасымов бұл бастамаға әзірге жергілікті атқарушы органдар  айтарлықтай құлшыныс танытып отырмағанын атай келе, Палата жергілікті әкімдіктермен келісімдер жасау жұмысын жалғастыратынын, жақын арада  осы іске немқұрайлы қараған әкімдіктер жайлы ақпарат берілетіндігін атап өтті.

Шығыс Қазақстанда құқық бұзушылықтардың басым бөлігі мемлекеттік сатып алулар саласында болып отыр. Атап айтқанда, көп жағдайда тендерлер нақты бір компаниялардың мүмкіндіктеріне қарай икемделген. Мемлекеттік сатып алулар саласына қатысты мәселелеріне ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий сөз сөйледі.

Ғани Қасымов ШҚО палатасына кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қозғайтын облыстың консультативтік-кеңестік органдар құрамында бизнес өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етуді ұсынды.

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алулардың конкурстық құжаттарында біліктілік талаптарын тым арттыру фактілері болған жағдайда, оған қатысты тұлғаларды «Нұр Отан» партиясы жанындағы ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер жөніндегі қоғамдық кеңесте жауапқа тарту туралы ұсыныс жасалды.

Өңірлік палатаның кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы Галина Казанцева жер құқықтық қатынастары саласындағы түйіткілді мәселелерге тоқтала өтті.  Аталған мәселені қарастыра келе, Ұлттық палата жер заңнамасының талаптарын сақтау нысанында Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерін сарапшылар қатарында  қатыстыра отырып, Семей қаласының жер қатынастары бөлімі және Сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің қызметтерін тексеру туралы бастама көтеріп, өңірлік палатаны ШҚО прокуратурасына жүгінуін ұсынды. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы бұзылғаны жайлы фактілер айқындалған жағдайда, Палата осы бұзушылықтарға қатысты тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы құзыретті органдарға жүгінбек.

Ұлттық палатаның ұйрағуынша, Семей қаласының жер мәселесіне қатысты жауапты тұлға Айбек Каримов.

Өңірде Ұлттық палатаның араласуын қажет ететін басқа да салалар, атап айтқанда монополияға қарсы реттеу саласындағы мәселелер де баршылық.

Кеңесте атап өтілгендей, монополияға қарсы инспекция кәсіпкерлерді басыңқы немесе монополиялық дәрежесі бар нарық субъектілерінің тізіліміне оңды-солды қосуда.  Оның кері салдары көптеген кәсіпкерлік субъектілеріне тиюде.

«Кеңеске дайындық барысында мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің бірқатар мәселелерін шешті. Кейбір кәсіпкерлерді тізілімнен шығарып, кейбіріне шығындарын өтеді», - деді Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы. Ғани Қасымовтың айтуынша, тиісті мемлекеттік органдар бизнеске кедергі жасап отырған шенеуніктерге қатысты қатаң шаралар қолдануы керек.

Кеңес отырысында осы күнге дейін мәселесі шешілмеген «Бірлескен теміржол шаруашылығы» ЖШС мәселесі де қаралды. Кәсіпорын әлі де Тізілімде тіркелген.

 Кеңес ШҚО монополияға қарсы инспекция басшысы Людмила Устьянцеваны кәсіпкерлер құқығының бұзылуына жауапты деп атауда.

ШҚО кәсіпкерлер палатасы мен ШҚО прокуратурасы бірлесіп монополияға қарсы органдардың жұмысына тексеру жүргізу туралы бастама көтеру, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқығы бұзылғаны жайлы фактілер анықталған жағдайда, осы бұзушылықтарға қатысты тұлғаларды жауапкершілікке тарту ұсынылды.

Өңірдегі мәселелер қатарында орман құқық қатынастары саласындағы мәселелер де баршылық. Бұл мәселелер Майқарағай орман шаруашылығының басшысы Манарбек Отарбаевтың атқарып отырған қызметіне лайықтылығы турасында мәселені көтеруде.

Экология департаментімен түсініспеушілік туындауда. Өңірлік палата хабарлағандай, ШҚО Экология департаменті кәсіпкерлердің өтініш-арыздарын Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп  қараудан бас тартуда. Мұны шенеуніктер екі жағдайда да сот шешімінің күшіне енбегендігімен түсіндіруде.

Бұл ретте экологтар «Тепломонолит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен сот шешімімен 80 млн теңге өндіріліп алынғанын айтып істің бар жағдайларын түпкілікті біле бермейтінін танытуда. Өйткені экология органдарымен белгіленген  86 263 939 теңгеден ЖШС 26 млн  теңге өндіріліп алынған. Өз кезегінде сот 60 млн теңге көлемінде талаптың қанағаттандырылмауы Экология департаментімен ұсынылған талаптардың негізсіз екендігін өз алдына айқындауда. Дегенмен ШҚО кәсіпкерлер палатасы сот шешімімен келіспейтіндігін мәлімдеуде. Өйткені мемлекетке де, қоршаған ортаға да шығын келтірілмеген. Бұл мәселеде орын алып отырған бұзушылық шекті нормада ластағыш заттардың  шығарылуына рұқсат қағаздардың уақытылы ресімделмеуінде.

Экология департаменті «Бекон» ЖШС қатысты мәселеде де Палатамен бірлесіп мәселені шешу бастамасын да қолдамауда. Сарапшылардың есебі бойынша «Бекон» ЖШС төлеуіне жататын нақты сома 1 млн теңгені шамасында. Алайда экологтар  үзілді-кесілді 460 095 435 теңге көлемінде төлем талап етуде.

Экология департаменті тек шартты негіздерге сүйене отырып бизнесті тоқтатуға дайын. Экология заңнамасы тек бір қырынан түсіндірілуде, екі іске қатысты Палата тарапынан ұсынылып отырған заңды альтернативалық шешімдер назарға алынбауда.

Ұлттық палата ШҚО Экология департаментінің басшысы Дмитрий Кавригин кәсіпкерлер құқығының шектелуі фактілері бойынша жауапты тұлға деп санайды.

Кеңес ШҚО Кәсіпкерлер палатасына ШҚО Экология департаментінің басшысы Дмитрий Кавригинмен өзара әрекеттестік мәселелері жайлы ҰКП мен Энергетика министрлігіне ақпарат беруді ұсынды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер