ҰКП Үкіметте Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзекті мәселелерін шешу бойынша жол картасын таныстырды
2014 жылғы 23 қыркүйекте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметте АӨК субъектілерінің өзекті мәселелерін шешу бойынша жол картасын ұсынды. Бұл отырыстағы негізгі баяндамашылар Ұлттық экономика минисрлігі және Ауыл шаруашылық министрлігі болды.
Үстіміздегі жылдың шілде айында Қазақстанның Үкімет басының өңірлерге жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қазіргі күнде ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің мүддесін қозғайтын негізгі проблемалы мәселелерді зерттеу, талдау және жалпылау ұсынылған болатын.
Осы тапсырмаларды орындау мақсатында үстіміздегі жылдың 20 тамызында ҰКП алаңында Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, онда АӨК ішкі салаларының негізгі мәселелері көтерілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев мүдделі ведомстволар мен органдардың, бизнес-құрылымдар мен салалық қауымдастықтардың қатысуымен ҰКП жанынан жұмыс топтарын құруды ұсынды.
8 жұмыс тобымен бірлесіп 15 отырыс өткізіліп, нәтижесінде қаржы, әкімшілік, заңнамалық, білім беру сияқты бағыттар бойынша араласуды талап ететін негізгі өзекті мәселелер құрылымданып, қалыптастырылды.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер проблемаларының бірі Кеден Одағына басқа да мүше елдерде АӨК мемлекеттік қолдауды арттыру салдарынан Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында бәсекелестікті күшейтумен байланысты. Сондықтан да Палата назарын, ең алдымен, құжаттарды даярлау және оларды бөлудің ашықтығымен байланысты субсидиялау процедураларын жақсартуды болжайтын АӨК мемлекеттік қолдау тиімділігін ұлғайту бойынша жұмысқа аударды.
Аграрийлерге ұшырасатын мәселе субсидиялардың бәріне бірдей жете бермейтіндігі, олар жыл өткен сайын әртүрлі уақытта беру және толық көлемде бермеу. Сонымен қатар, субсидия бөлу бойынша ВАК жұмысының ашық жүргізілмеуінен өңірлерден шағымдар да түсіп жатады. Осыған орай субсидия беру процедураларын оңтайландыру және процесті автоматтандыру бойынша жұмысқа қарқын беру қажет.
Басқа бір, біршама жиі айтылатын проблема – бұл қаржы ресурстарының жетіспеушілігі және кепілдемелік қамсыздандыру тапшылығы салдарынан кредиттеудің қол жетімсіздігі.
Ауыл шаруашылықтың спецификасы айналым қаражаты өндірісте ұзақ уақытқа тоқтатылып қоятындығында, ал ауыл шаруашылығындағы өндіріс қаражаты қаржы институттары тарапынан өте төмен бағаға ие. Бұл да сала субъектілерінің толық қуаттылығын пайдалана алмауындағы негізгі себептердің бірі. Осындай шиеленіскен түйінді шешуге 2007 жылдан бері инвестициялық шығындарды ретроспективті өтеу механизмдерін қолдана отырып, жарыққа шығып қойған жобаларға да инвестициялық субсидиялардың таралуы көмектесе алады.
ҰКП сарапшыларының алдын-ала берген бағалары бойынша, мәселенің құны – шамамен 76 млрд.теңге. Бұл қаражатты ауыл шаруашылық кәсіпкерлері айналымдық қаражатты толықтыруға, өндірісті жетілдіруге, кеңейтуге немесе кредиторлық қарызды жабуға бағыттауы мүмкін. Барлық жағдайларда бұл өндіріске серпін беріп, өндірілетін өнім көлемінен, оның сапасының жақсаруынан көрініс береді. Аграрийлер беріп отырған баға бойынша, қосымша қаржыландырудың арқасында мал семіртетін орындардағы ІҚМ етін өндіру жуықтағы екі-үш жылда 65% (50 мың тоннаға), сүт өндіру - 60 мың тоннаға ұлғаюы мүмкін. Сонымен бірге бағдарлама қатысушыларына көлемді, өндіріс сапасын өсіруді нақты алға қойып, инвестсубсидияларды қолданудың егжей-тегжейлі жоспарларын дайындау қажет болады.
Сонымен бірге ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің қазіргі проблемалары үнемі табысты бола бермейтін менеджментпен, біліктілігі төмен кадрлармен де байланысты. Сондықтан да бейқаржылық қолдауда да айтарлықтай ресурстар бар. Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылықтағы білім беруді тарату орталықтары, бюджеттік бағдарламалар күтілген әсерін бермеді. ФАО, ЭЫДҰ сарапшыларын тарта отырып осы бағыттағы жұмысты күшейту керек, және де келесі жылы үздік шетелдік мамандарды тарта отырып, осындай орталықтар құру керек. Сәйкесінше, бюджеттік бағдарламаларды белгіленген шектердегі консультациялық қызметтер құнының 80% дейін өтеу үшін үшін гранттар беруге қайта бағдарлап, қайта форматтау қажет.
Негізгі талаптардың бірі орта мерзімдік негіздегі экономикалық саясаттың болжамдылығы болып табылады. Бұл шетелдік консалтингтік компанияларды тарту тұрғысынан да, отандық құзыреттіліктерді жинақтау жағынан да маңызды.
Қазақстандағы АӨК дамуының табыстылығын анықтайтын үштікте қаржыдан, кадрлардан басқа маңыздылығы кем болмайтын тағы бір компонент бар, ол – қашықтық және климат. Осыған орай ауылдағы инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп қаржыландыру механизмдерін пысықтау қажет. Ең алдымен, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы. Ауылдағы тұрғын үй құрылысын мемлекет тарапынан бірлесіп қаржыландыру лимиттелген көлемде инвестициялар тартуға көмектеседі, ақыр соңында – кадрлардың ауылда тұрақтауына.
Ароөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзекті мәселелерін шешу бойынша іс-шаралар жоспарына (Жол картасы) анықтамамен мына жерде танысуға болады.
Жоспарға «Шектер» қосымшасымен мына жерде танысуға болады.
ҚР АШМ Жауапты хатшысы Арман Евниевтің «Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін субсидиялау механизмін жетілдіру» тақырыбындағы баяндамасымен мына жерде танысуға болады.
ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың баяндамасымен мына жерде танысуға болады.
ҚР АШМ презентациясымен мына жерде танысуға болады.
ҚР ҰЭМ презентациясымен мына жерде танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: