«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік табыс комитеті салық және кеден даулары бойынша сотқа дейінгі апелляция механизмін енгізу мәселесін талқылады

2014 жылғы 24 Қыркүйек
3717 просмотров

 

Ұлттық палата және ҚР ҚМ Мемлекеттік табыс комитеті салық және кеден даулары бойынша сотқа дейінгі апелляция механизмін енгізу мәселесін талқыға салды.

Бүгін Астанада Ұлттық палата Төралқасы басшысы Тимур Құлыбаевтың басшылығымен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің Төрағасы Дәулет Ерғожиннің қатысуымен өткен жұмыс жиналысында салық даулары бойынша сотқа дейінгі апелляция механизмін енгізу мәселесі талқыланды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салық және кеден даулары бойынша тәуелсіз апелляциялық комиссия құрып, оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін де, бизнес өкілдерін де және сарапшыларды енгізуді ұсынуда.

«Нәтижесінде бір мемлекеттік органға тергеу және қылмыстық қудалау функцияларымен салық/кедендік бақылау функцияларының бірігуі орын алған соңғы реформаны ескере отырып, салық/кеден дауларын сотқа дейін тәуелсіз шешу институтының болуы ерекше өзектілікке ие болып отыр. Қазіргі сәтте кәсіпкерлердің тексеріс нәтижелері бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы дәл сол органда салықтық бақылау нәтижелеріне қарсы келуіне тура келеді. Бұл белгілі бір мүдделер қақтығысын тудырады», - деп атап өтті ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.  

Талқылау барысында Мемлекеттік табыс комитеті Төрағасы тәуелсіз апелляциялық комиссияның орнына Қазақстанда салық және кеден даулары бойынша мамандандырылған сотты құру мүмкіндігін қарауды ұсынды. Бұл тараптар арасындағы қақтығыс жағдайларын сотта қарау деңгейін көтереді.

«Мемлекеттік табыс комитеті ұсынған нұсқа, жалпы алғанда, жалпы қабылданған халықаралық стандарттар жүйесіне негізделген. Жақсылап ойластырған жағдайда даулар туындағанда біркелкі шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін тәуелсіз органға қол жеткізе аламыз. Бұл Ұлттық палатаның кәсіпкерлікті қолдау және оның тиімді өсуі үшін жағдай жасау мақсаттары мен міндеттеріне тұтас және толық сәйкес келеді», - деді Тимур Құлыбаев.

Жиналыс қорытындысы бойынша Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Ұлттық палата Басқармасына Комитеттің бұл ұсынысын ҚР Жоғарғы сотымен бірге пысықтауды тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер