«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнес-алаңдарды субсидиялау» бағдарламасын ұсынады

2014 жылғы 25 Қыркүйек
3537 просмотров

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) «Бизнес-алаңдарды субсидиялау» бағдаламасын ұсынады. Науқан аясында ҚР ҰКП коворкинг орталықта 2 айдан астам мерзімге және ұзарту мүмкіндігімен ісін бастаушы кәсіпкерлер үшін 10 абонементке төлем жасайды.

Өтінімдер байқау негізінде іріктеледі. Өтінімдер беру мерзімі – 2014 жылғы 30 қазанға дейін.

Науқанның мақсаттық аудиториясы:

Бизнес-идеяға немесе өнім прототипіне ие ісін бастаушы кәсіпкерлер:

- ІТ-өнімдер мен сервистерді дайындаушылар;

- Дизайнерлер мен сәулетшілер;

- Тренерлер, дәріскерлер және коучерлер;

- Бизнес жөніндегі консультанттар (салық, қаржы және т.б.);

- мемлекеттік тапсырыс мердігері роліндегі ҒӨБ өкілдері.

- журналистер және танымал блогерлер.

«Бизнес-алаңдарды субсидиялау» бағдарламасына қатысу үшін, сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз.

MultiSpace Коворкинг орталығы Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 34 мекен-жайында орналасқан, ASTANA MALL СОО (бұрынғы «Ajar» СОО). (http://multispace.kz/) .

Astana Mall MULTI SPACE – бұл 5 000 ш.м. астам алаңды алып жатқан дүниежүзіндегі ірі Коворкинг орталық. Егжей-тегжейін http://www.palata.kz/ru/news/9324 сілтемесінен қараңыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер