«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес Қарағандыда болып қайтты

2014 жылғы 23 Қыркүйек
3607 просмотров

 

Қарағандыда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қарағанды қаласы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңестерінің бірлескен отырысы өтті.

10 қыркүйекте Астана қаласында ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында Кеңестің өңірлерге сапар шегетіндігі жайлы хабарланғандығын естеріңізге сала кетейік.

Қарағандыда өткен алғашқы бірлескен отырыста өңір кәсіпкерлерінің жүйелік проблемалары талқыға салынып, ең көп «көзге түскен» лауазымды тұлғалардың есімдері аталды. Жер телімдерін беруден бас тарту, егжей-тегжейлі жоспарлау мен сәулет-жоспарлау тапсырмасының жоқтығы себебінен құрылысты жүзеге асырудың мүмкін болмауы, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде алуан түрлі  кедергілердің туындауы – Қарағанды облысы кәсіпкерлеріне үнемі ұшырасып қала беретін проблемалар тізбесі мұнымен бітпейді.

Ұлттық палата Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің Төрағасы Талғат Доскенов атап өткендей, бизнесті дамыту үшін мемлекет жасап жатқан шаралардың теңдесі жоқ. «Жеңілдікті кредиттеумен мемлекеттік бағдарламалар, рұқсат алудың жеңілдетілген тәртібі, тексерістерге мораторий  және тексерістер жүйесіне мүлдем жаңа тұрғыдан келу, – осының барлығы кәсіпкерлік қызметті жүгізудегі таптырмайтын жағдайлар. Алайда әзірше елімізде айтарлықтай жақсарулар байқалмайды», – деп хабарлады Талғат Доскенов.

Оның ойынша, проблема жергілікті атқарушы биліктің Елбасының еліміздегі кәсіпкерлікті қолдау бойынша тапсырмаларын жүзеге асыруға деген құлықсыздығында болып отыр.

Мәселен, «Пак Р.Н.» ЖК Қарағанды қаласының Октябрь ауданынан жер телімін уақытша қолдану құқығын алады және авто құю бекетінің құрылысына рұқсат ала алмай жүргеніне екі жылдың жүзі болыпты. Себебі қарапайым – Октябрь ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары жоқ. Кәсіпкер ЕЖЖ бекітуге заңмен өкілетті әкімдіктің әрекетсіздігі салдарынан жерден айрылып қала жаздаған.

Қарағанды қаласы Сәулет және қала құрылысы бөлімі «Акцент Инвест» ЖШС-ның топотүсіруді жүзеге асыру және «Қарағанды қ. Қала құрылысы кадастрлық орталығы» ЖШС-на ғана сұралып отырған жер телімінің орналасу сызбасын даярлауды тапсырыс жасауға мәжбүрлеген. Кәсіпкерлер палатасы Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қанат Мұсаевқа басқа да ұқсас компаниялардың қызметін қолдануға неліктен болмайтыны жайлы сауалмен жүгінбекші.

«Амир» ЖШС 2005 жылдан бері жер телімін алуға тырысып жүр, және де үнемі түрлі негіздемелермен өтініші қабылданбай қалады. Жер қатынастары бөлімі кәсіпкерлік субъектісінің жер телімін беру туралы өтінішін елемеуде, ал жер комиссиясы өз отырыстарында бұл мәселені мүлдем қарастырмайды да. Кәсіпкерлер палатасы «Амир» ЖШС проблемасының еленбеу мәселелерін жақын арада Қарағанды қаласы Жер қатынастары бөлімінің басшысы Ернар Дәрібековтан сұрайтын болады.

«Осы және басқа проблемалар жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлерге деген қатынастарының нүктелік көрсеткіштері болып табылады, бірақ жалпы мұндай жағдайлар бұдан да көптеп кезлеседі», – деп атап өтті Ұлттық палатаның Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко.

Сонымен қатар бірлескен отырыста «Арғымақ» ШҚ проблемалы мәселесі қозғалды. 2012 жылы Үйлестіру кеңесі «Арғымақ» ШҚ-ға жетіспей тұрған өндірістік инфрақұрылымды жеткізу жобасын мақұлдайды. Екі жыл өткен соң жобаны жүзеге асыру бойынша міндеттемені бір-біріне ысырған Құрылыс басқармасы мен Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының арасында туындаған қайшылықтардың салдарынан жоба жүзеге асырылмай қалады.

Бірлескен отырысқа қатысушылар Қарағанды облысының прокуратурасына жергілікті атқару органдарының қызметін тексеруді бастамалау туралы мәселемен жүгінуге шешім қабылдады және басқа кәсіпкерлердің құқығын бұзу дерегі расталған жағдайда – облыстың Тәртіптік кеңесіне жүгіну.

25 қыркүйекте ҚР ҰКП Кәсіпкелер құқығын қорғау жөніндегі кеңес Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Кеңесімен бірлескен отырыс өткізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер