Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанда тауарларды таңбалау институтын енгізуге қарсы
Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) тұлғасында Кеден одағы (КО) және Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) аясында тауарларды таңбалау институтын енгізуге қарсылығын білдіруде.
Еуразиялық экономикалық комиссия үш ел аумағында болашақта бақылаудағы тауарлар тізбесін кеңейтуді көздеп, жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау институтын енгізу үшін заңнамалық негіз дайындауда. Бұл отандық бизнестің мүддесіне қайшы келеді.
«ЕЭК-тің КО ішінде тауарларды таңбалауды алға тартуына себеп өз өнеркәсібін көтеру үшін контрабандамен және контрафактімен күресу қажеттігі болып отыр. Бір қарағанда, игі мақсат. Алайда, қолда бар механизмдерді талдай келе, Белорусь тәжірибесіне қарай отырып, біз Қазақстанда бұл мақсаттарға қол жеткізілмейді, деген қорытындыға келдік. Іс жүзінде бізде контрафактілі өнім өндірілмейді. Контрабанда проблемасы өткірленіп тұрғаны сөзсіз, бірақ бұл таңбалауды енгізіп, оны шеше алмайтынымыз анық», - дейді бейсенбіде өткен журналистермен кездесуде ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев.
Бұл жерде Белорусьтен басқа әлемнің ешбір елінде қолданылмайтын жекелеген тауар санаттары айналымын толық бақылау жүесін негізге алу ұсынылуда. Осы таңбалауды енгізген жағдайда бизнеске тауарды өткізу бойынша қосымша транзакциялық шығындар, сәйкес инфрақұрылымға инвестициялар мен өзіндік құнның өсуі жүктеледі де, бұл қатардағы тұтынушыларға соққы болады, сондай-ақ тексеруші мемлекеттік органдардың өкілеттігін кеңейтіп, бұл да бизнесті жүргізу жағдайының нашарлауына әкеледі.
«ЕЭК ұсынған тұжырымдама осы RFID-белгілермен тауардың әрбір бірлігі таңбаланатындығында жатыр. Сәйкесінше, КО елдерінің әрқайсысында осы таңбаларды шығаруға мемлекеттен монополиялық түрдегі құқыққа ие эмитент бар. Бизнес субъектілері оларды сатып алады, жапсырады және олар бөлшек сауда айналымы кезінде өшіріледі. Бұл үш ел үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құруды болжайды. Ол жүйеде осы транзакциялардың барлығы шоғырландырылып, талданатын болады. Бұл белгілі бір шығындарды болжайды. Сонда тулақты илеудің жөні бар ма?» - деген сауал тастады Рақым Ошақбаев.
ҰКП экономикалық интеграция департаментінің басшысы Дана Жүнісова бұл шешімнен болатын реттеушілік әсерді бағалау мен сәйкес экономикалық есептеулердің жоқтығын баса айтты.
«Қазірде жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі бойынша техникалық реттеме бар. Онда жеңіл өнеркәсіп өнімін таңбалаудың арнайы бөлімі бар. Сол жерде осы таңбалауға қойылатын талаптар көрсетілген. Өндіруші ел, атауы және басқалары көрсетіледі. Біз осы жеткілікті деген ойдамыз, және де қосымша таңбалауды енгізу ел президенті белгілеп берген бизнесті жүргізу жағдайларын жеңілдету бағытына қайшы келетін болады», -деп атап өтті Рақым Ошақбаев.
ҰКП кедендік реттеу департаментінің басшысы Әлихан Мәмбеталин КО аясында таңбалауды енгізу идеясындағы «бұлыңғыр» және қосарланған импортпен күрес механизмі ретінде тауарларды таңбалау халықтық тұтыну тауарлары үшін ешбір елде қолданылмайтынын атап өтті.
«Біз халықаралық тәжірибені зерттеп шығып, «бұлыңғыр» импортпен күрес механизмі ретінде тауарларды таңбалаудың акцизделетін тауарлар тобы – алкогольды ішімдіктер мен темекі өнімдеріне ғана қатысты қолданылады, деген қорытындыға келдік. Кең түрде қолданылатын тауарлар үшін дүниежүзінде мұндай тәжірибе іс жүзінде жоққа тән. Тіпті алкогольды таңбалау бойынша тәжірибе көрсетіп отырғандай, бюджетке төлемді ұлғайту және бақылау тұрғысынан бұл тиімділігі төмен шара», - деп түсіндіре кетті Әлихан Мәмбеталин.
Оның сөзіне сүйенсек, жаңа таңбалауларды енгізудің лоббишілері ресейлік ірі ретейлерлер болып табылады. Бұл жаңа енізілімдерден басқа да пайда көрушілер осы таңбалардың эмитент кәсіпорындары болмақ. Бұл мәселе бойынша Қазақстан үкіметінің ақтық позициясын әлі күнге дейін жасап шығармағанында соңғы фактордың негізгі роль ойнауы да мүмкін.
«Біз жалпы таңбалауды енгізуге қарсымыз, бірақ пікірталас осы таңбалардың құнына қатысты мәселелерге сүйене отыры, бір жаққа кетіп қала береді, сондықтан да RFID-таңбамен салыстырғанда біршама арзан QR-код енгізу ұсынылады, - деп ескере кетті Рақым Ошақбаев. – Және де Қазақстанда QR-код негізінде таңбалаудың белсенді жақтаушылары да кездеседі. Бұл ұстанымды негізінде осы QR-кодтарды өндіретін отандық компания ұсынады. ҰКП бизнесте бизнес орнатуға қарсы».
Мысал ретінде мынадай сандар келтіріледі, бір QR-кодты соғудың құны 10 теңгені құрайды, және де, баға жағынан, темекі өнімі бойынша ғана 20-30 млрд теңгеден тұратын нарықты ұсынады. Салыстыра кетсек, алкоголь және темекі өнімдеріне акциздің құны бар-жоғы 0,35 теңгені құрайды.
Рақым Ошақбаевтың айтуынша, Ресей және Беларусь таңбалау институтын енгізу туралы саяси шешім қабылдаған, сондықтан да Қазақстан үкіметінің отандық бизнесті қорғау бойынша жедел шаралар қолдануы қажет.
«Ымыраға келу ретінде біз таңбалауды енгізу ұлттық деңгейде еріктілік қағидасы бойынша қабылдансын, деген шешімді ұсынамыз. Сонымен бірге, егер қандай да бір тауар Қазақстан аумағында өндіріліп, Ресейге экспортталса, онда оның бұл таңбалаусыз айналымға өтуіне тыйым салынатын болады. Қазіргі таңда алкоголь өнімімен жасалынып жүргендей, бұл жағдайда экспорттаушы осы таңбалар эмитентінен таңбаларды сатып алып, өз өніміне жапсырып, оларды Ресейге жеткізуге тиіс болады. Ағымдағы проблеманы шешудің қалыпты және ымыралы жолы осы деп білеміз», - деп түйіндеді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: