Заңнамадағы кемшіліктерден жер қойнауларын пайдаланушылар зардап шегуде
Заңнамадағы кемшіліктер, сондай-ақ экологтар мен салықшылардың келісілмеген әрекеттері жер қойнауларын пайдаланушыларға қалдықтарды орналастыру үшін бірнеше миллиард айыппұл салынуын әкелуде.
Бұл туралы ҚР ҰКП Төралқасы Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің кезекті отырысында айтылды. Отырыста Қазақстанның Сервистік компаниялар одағының (өнеркәсіптік ағын сулар бойынша), Бұзбай бақылау және техникалық диагностикалау қауымдастығының, Қарашығанақ жобасының проблемалы мәселелері қарастырылды. «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС өндіріс қалдықтарын орналастыруға экологиялық рұқсат алумен проблеманы жеткізді.
Отырыста аталып өткендей, заңнамадағы кемшіліктер, сондай-ақ экология саласындағы мемлекеттік органдардың, ҚР салық комитетінің келісілмеген әрекеттерінің нәтижесінде жер қойнауларын пайдаланушылардан қалдықтарды орналастырғаны үшін жүйелі түрде бірнеше миллиардтаған айыппұл санкциялары өндіріліп отырады. Осыған орай Комитет «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС және Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. компаниясының ҚР әрекеттегі заңнамасына өзгертулер енгізу бойынша бастамасын қолдап, сонымен қатар ҚР ҰКП-да әрекет ететін экологиялық заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс тобының аясында осы бағыттардағы жұмысты жалғастыруды ұсынды.
Отырысқа қатысушылар барлық мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қатысуымен бұзбай бақылау саласындағы техникалық диагностика мен кадрларды даярлауға байланысты мәселелерді қарап, талқылау қажет деген ойға келді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: