«Жер қойнаулары туралы» Кодекс Қазақстанда 2015 жылы пайда болуы мүмкін
«Жер қойнаулары туралы» толыққанды Кодекс Қазақстанда келесі жылы пайда болуы мүмкін, деген сенімде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасы Николай Радостовец.
«Үкіметтің «Жер қойнаулары туралы» Кодексті дайындауды басымдылыққа жатқызатындығына сеніміміз мол. Бизнесмендер жер қойнаулары туралы жұтаң емес, толық көлемді заңды алғысы келеді. Бұл жағынан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, осы кодекстің тұжырымдамасын министрлікпен бірге дайындаған Тау-кен металлургия қауымдастығы өте үлкен жұмысты атқарды. 2015 жылы осы кодекстің пайда болатынына сенеміз», - деді сәрсенбіде өткен брифингте Н.Радостовец.
Оның айтуынша, жаңа құжатта көптеген, соның ішінде инвесторлармен қарым-қатынас жағынан, процедуралар егжей-тегжейлі ашылып жазылмақшы. «Біз тіпті, инвестордың келіп, жер қойнаулары мәселелеріне қатысты бір терезеге жүгінуі жайлы айтып отырмыз. ХҚКО сияқты. Құжаттарды тапсырасың да, бір айдан соң қайтып аласың. Барлық келісулер республикалық та, жергілікте де деңгейде де жүреді», - деп қосты ол.
Бұл құжатты қабылдаған кезде көптеген салалық заңдар күшін жоюға тиіс.
«Біздің ойымызша, бізге бәрінен австралиялық заңнама жақын. Онда инвесторлардың геологиялық барлауға қатысуы, кен орнын алуы, ол бойынша келісім-шарт жасасуы, келісім-шарт мсіндеттемелерін орындауынан бастап барлық процедуаралар жазылған. Оның үстіне, қандай да бір тұста мемлекет белгілі бір кен орнын инвестициялауда инвестордан жазылғаннан көп алып қоймас үшін, салық жүктемесінің шамамен берілетін деңгейі анықталған», - деп атап өтті Н. Радостовец.
Кәсіпкерлер жаңа Кодексте «даулар», «оларды шешу», сияқты бөлімдер пайда боларына сенеді. Николай Радостовец түсіндіріп кеткендей, бұл «инвесторға қатысты мемлекет қалыптан тыс шешім қабылдағанда, келісім-шартты созбағанда, қорғау тәсілдері нақты жазылуы да қажет».
«Австралиялық нұсқа бойынша құрылатын «Жер қойнаулары туралы» Кодекстің тәуекелдер барынша аз болатындай етіп жасаларына сенеміз. Кодекстің үлгі тұтарлық құжаттардың бірі болғанын, әлемдік тәжірибедегі үздіктердің қатарынан табылғанын қалаймыз», - деп қорытты ол.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: