«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Хабарлама беріп, салу

2014 жылғы 19 Қыркүйек
3664 просмотров

 

Астананың құрылыс компаниялары әкімдік тарапынан заң бұзушылықтарға ұшырасып, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының туындаған проблеманы шешуге көмектесуін өтініп, көмек сұрап жүгінді.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес, мәселе құрылыс компанияларының сараптаманың мақұлдаған қорытындысы (оны жүргізу міндетті болған жағдайда) мен жер телімін таңдау актісі тіркелген құрылысты бастағаны жайлы хабарламасы ғана қолында бола отырып, нысандарды тұрғызуға кірісе алатынында болып отыр.

Алайда Астана қаласындағы Сәулет және қала құрылысы басқармасы және МСҚжЛ «Астана қаласы аумағында құрылыс салу ережелері туралы» Мәслихат шешімін желеурете отырып, құрылыс жүгізуге рұқсатты талап етуде. Бұл, негізінде, заңсыз болып табылады.

Өкінішке орай, мемлекеттік органдар кәсіпкерлерге негізсіз әкімшілік кедергілер жасайтын жағдайлар Астанада жиі кездеседі. Егер құрылыс компаниялары талаптарын орындамаса, МСҚБ және басқа да өкілетті органдардың бақылаушылары құрылыс үшін жер телімін беру туралы қаулының күшін жоя салады және т.б. Яғни көз алдымызда заң бұзылуда.

Осыған орай құрылыс компаниялары көмек сұрап жүгінген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Астана қаласының прокуратурасына сұрау салды.

Қадағалау органының жауабына сәйкес, аталмыш дәлелдер расталып, осыған байланысты елордалық прокуратура Астана қаласы мәслихаты шешімінің күшін жойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер