«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Көңілге қонымсыз» өлшемдер: өндірушілерге қауіп төніп тұр

2014 жылғы 22 Қыркүйек
3558 просмотров

 

Инвестициялар және даму, ұлттық экономика министрліктері, бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен ҰКП алаңында жеткілікті түрде қайта өңдеу өлшемдерін (Тауарды Кеден одағының тауары деп тану үшін жеткілікті түрдегі өндірістік және технологиялық операциялар талаптарының тізбесі) талқылау бойынша жиналыс өтті.

Жеткілікті түрде қайта өңдеу өлшемдері тауарларды арнайы экономикалық аймақтан және еркін қоймадан Кеден одағының аумағына апару кезінде кеден баждарынан және салықтан босату мақсатында қолданылады.

ҰКП Экономикалық интеграция департаменті жүргізген талдауға сәйкес, Ресей мен Белорусьта қолданылатын тауарларды жеткілікті қайта өңдеу қағидалары шетелдік тауарлар мен көлік құралдарының жекелеген атауларына қатысты оларды КО тауарлары деп тану мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған осыған ұқсас қағидаларға қарағанда біршама қатаң талаптар қояды.

ЕАЭО туралы Шарт талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы 2017 жылға дейін жеткілікті түрде қайта өңдеудің ұлтық өлшемдерін қолдануға құқылы.

Сонымен бірге Еуразиялық экономикалық комиссия жаңа талаптармен ЕЭК Кеңесінің Шешімі жобасын дайындады. Ол бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қолданылатындардан айтарлықтай өзгеше.

«Егер шешімнің бұл жобасы шығарылған редакциясында қабылданатын болса, онда машина жасау, тамақ және т.б. салалардағы өндірістік кәсіпорындардың айтарлықтай бөлігінің мүддесіне тиеді. Бұл еркін экономикалық аймақтар резиденттері мен еркін қоймалар иегерлері. Комиссия ұсынып отырған Шешім жобасы тауарларды Кеден одағының тауарлары деп тану үшін талаптарды айтарлықтай күшейтеді және кәсіпорындардың басым көпшілігі бұл өлшемдерге жауап бермейтін болады», - деп атап өтті ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев.

Қазіргі кезде Қазақстан Рсепубликасында шамамен 500 резиденттен тұратын 6 ЕЭА бар, және де 80-нен астам еркін қоймалар иегерлері. Бірқатар жағдайларда, бұл мүлдем жаңа өндірістер мен экономика салалары (темір жол локомотивтері, автомобильдер, тұрмыстық техника және т.б.).

«Екі тізбені сақтап қалуымыз керек: Қазақстан үшін жеке тізбе және қалғандарына арналған тізбе. Жобадағы қазіргі тізбе айтарлықтай толық емес және бүгінгі күннің бейнесін көрсете алмайды. Тізбеге барлық тауарлар топтары енгізілмеген. Ауыл шаруашылық техникасы бойынша өлшемдер қарастырылмаған», - деп мәлімдеді «Агромаш Холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Наталья Пак.

Сондай-ақ жиналыста 2017 жылдан кейін жеткілікті түрде қайта өңдеудің ұлттық өлшемдерін әрекет ету мерзімін ұзарту мәселесі көтерілді.

«ПАМЗ ұсынысы – 2020-2022 жылдар, одан ерте болмайды. 2017 жылдан бастап – бұл біздің кірістен шамамен 20-30% шығын», - деп атап өтті «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ өкілі Азамат Жуаспаев.

Жиналыс қорытындысы бойынша жаңа тізбемен ұсынылған ЕЭК Шешімі жобасын уақытынан бұрын қараудың мақсатқа лайықсыздығына және ұлттық өлшемдердің (талаптардың) әрекет ету мерзімін ұзарту мүмкіндігін экономикалық тұрғыдан негіздеуге қатысты бір жақты позиция қабылданды.

Сонымен бірге ЕЭА резиденттері мен еркін қоймалар иегерлерін қолдаудың балама шараларын дайындау қажеттілігі аталып өтті.

«Кез-келген жағдайда осы кәсіпорындарға арналған қолдау шараларымызды, алда тұрған ДСҰ кіруімізді ескере отырып, дауға қалмайтын қолдау шараларына айналдыру жағын ойластыруымыз қажет», - деп түйіндеді Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің  директоры Ернар Бәкенов.

Жеткілікті түрде қайта өңдеу өлшемдері бойынша анықтамалық ақпаратмен мына жерде танысуға болады.

«Еркін кеден аймағының кедендік процедурасына немесе еркін қойманың кедендік процедурасына орналастырылған шетелдік тауарларды қолданумен әзірленген (алынған) тауарды Кеден одағының тауары деп тану үшін жеткілікті өндірістік және технологиялық операциялар талаптарының Тізбесін бекіту туралы» ЕЭК Кеңесінің Шешімі жобасымен мына жерде танысуға болады.

«Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» (жеткілікті түрде қайта өңдеудің ұлттық өлшемдері) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі №793 Қаулысымен  мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер