Еуразиялық экономикалық одақ аясында білдек жасау бойынша инжинирингтік орталық құрылмақшы
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Экономикалық интеграция департаменті осылай хабарлады.
Білдек жасау бойынша Еуразиялық инжиниргтік орталықты құру 2013 жылғы 31 мамырдағы №40 «Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы ұлттық өнеркәсіптік саясаттарын үйлестірудің негізгі бағыттары туралы» үкімет басшылары деңгейіндегі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық Кеңес Шешімін жүзеге асыру аясында іске асырылатын болады.
Үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегінде өтетін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында білдек жасау бойынша Еуразиялық инжинирнгтік орталықты құру тұжырымдамасын дайындау мәселесі қаралатын болады.
Инжинирингтік орталықты құру КО және БЭК мүше мемлекеттердегі сала кәсіпорындары арасындағы әрекеттестік мүмкіндігін кеңейтеді және КО және БЭК аумағында шығарылатын инновациялық білдек жасау жабдықтарын қолдану есебінен өнеркәсіптік өндірістерді жетілдіруге көмектесетін болады.
Мұндай құрылымдар еуропалық тәжірибеде жетекші технологиялық шешімдерге қолжетімілікті кеңейту үшін, жабдықтың толық тіршілік циклына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін кеңінен қолданылады.
қазіргі уақытта КО және БЭК аумағында қолданылып жүрген инжинирингтік орталықтардың көпшілігі КО және БЭК аумағына технологиялар трансферіне бағытталған.
Инжинирингтік орталық кешенді технологиялық шешімдерді даярлауды, өндіруді, өткізуді және қызмет етуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ КО және БЭК өнеркәсіптік кәсіпорындарына өзге де инжинирингтік-консультациялық қызметтерді ұсынады деп жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: