Ресей қазақстандық алкоголь үшін жаңа кедергілерді жоспарлауда
Кеден одағының қызмет етіп келе жатқанына төрт жыл өтіп, Еуразиялық экономикалық одақ құрылғанына қарамастан, қазақстандық кәсіпкерлер әлі күнге дейін Ресейдің алкоголь өнімдері нарығына еркін қол жеткізе алмай келеді.
Ресейде акциздің өз мөлшерінен 3 есе асып түсетін кемсітушілік қамтамасыз ету төлемі орнатылғаны белгілі. 2012 жылғы 1 шілдеден бері Ресейде этил спирті мен құрамында спирт кездесетін өнімдерді (25%-дан жоғары) тасымалдау бойынша қызмет лицензияланады. Сонымен бірге өнімді тасымалдау көлемін есептеуге арналған жабдыққа қоса, автобиль көлігі қозғалыстың автоматты тәртібіндегі тіркеудің арнайы техникалық құралдарымен жабдықталуға тиіс. Бұл да қазақстандық экспортшылардың қосымша шығындалуына алып келеді.
Қазіргі кезде Ресей Үкіметі Ресейге жеке қажеті үшін алкогольді бес литрден аспайтын мөлшерде әкелудің шекті мөлшерлерін анықтау бойынша мүмкіндікті қарастыруда.
Бұл ұсынысты Ресейлік Тараптың осы ұсынысты ЕЭК Алқасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №310 Шешімімен мақұлданған КО және БЭК мүше мемлекеттер аумақтарында алкоголь нарығына қатысушылар әрекетін реттеу туралы Келісім жобасын талқылау кезінде қарастырылатыны есте қаларлық жәйт.
Келісім жобасы алкоголь өнімін өзара саудалауда кемсітушілік шектеулерді қолданусыз реттелетін алкоголь өнімінің бірыңғай нарығын құруға бағытталған.
Сонымен бірге келіссөздердің барысында Ресей Федерациясы кемсітушілік қамтамасыз етушілік төлем түріндегі кедергіні алып тастауға қарсы шығуда.
Қамтамасыз етушілік төлем мөлшеріне қатысты норманы Келісім жобасынан алып тастау дегеніміз іс жүзінде қазақстандық алкоголь өнімінің ресейлік нарыққа кіре алмайтындығын білдіреді.
Сонымен қатар, Ресейлік Тарап акциздер мөлшерлемелерін үйлестіруді алға тартып отыр. Яғни Келісім жобасы акциздер мөлшерлемелерін теңестіргеннен кейін ғана күшіне ене алады.
Сонымен бірге, ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес, ұлттық салық саясатын жүргізу әрбір мүше мемлекеттің ерікті құқығы болып табылады және Қазақстан Республикасы алкоголь өніміне акциздер мөлшерлемелерін ұлғайту бойынша нақты міндеттемелер қабылдаған жоқ.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық алкоголь өнімдеріне қатысты Ресей Федерациясы қабылдаған кемсітушілік шаралар еуразиялық экономикалық интеграцияның басты векторы – тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге қайшы келетіндігін мәлімдейді.
Палата алкоголь өнімінің еркін қозғалысының жолындағы әрекеттегі кедергілерді алып тастауға қол жеткізбекші. Олай болмаған жағдайда Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы Қазақстан Үкіметінің отандық өндірушілерді қорғау мақсатында ресейлік алкоголь өнімдеріне қатысты жауап ретіндегі шараларды қабылдауын сұрауға мәжбүр болады.
КО және БЭК мүше мемлекеттер аумағындағы алкоголь нарығына қатысушылар әрекетін реттеу туралы Келісім жобасымен мына жерде танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: