«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық бизнестің пікіріне Еуразиялық экономикалық комиссия шенеуніктері құлақ аспауда

2014 жылғы 16 Қыркүйек
3547 просмотров

 

Қазақстандық бизнес-қоғамдастық ЕАЭО елдерінде жеңіл өнеркәсіптің жекелеген өнім түрлерін таңбалаудың бірыңғай жүйесін құру туралы ЕЭК шешімін жағымсыз түрде қабылдады.

Отандық кәсіпкерлердің, оның үстіне толықтай негізді, наразылығы ҚР Ұлттық кәсіпкелер палатасының Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жүгінуіне себеп болды. Онда ҰКП аталмыш мәселені бұдан арғы қарауға вето салу құқығын жүзеге асыруды сұрады. Олардың ойынша, ЕЭК бұл шешімі қазақстанның мүддесіне сәйкес келмейді. Оның үстіне ҰКП өз жолданымында айтарлықтай дәлелдер келтірген.

Таңбалау жүйесін енгізудің бастамашысы – ресейлік ірі бизнес ритейл бұл шара Кеден одағы нарығын контрафактілі және бұрмаланған өнімнен қорғайды, деп болжауда. Дайындаушылардың ойынша, Кеден одағы елдеріндегі астыртын әкелінген және заңсыз өндірілген өнім кесірінен жапа шегуші ең маңызды салалардың бірі  жеңіл өнеркәсіп саласы болып табылады. Олар салалық сарапшылардың бағалауын желеуретуде. Оған сәйкес Кеден одағындағы жеңіл өнеркәсіп тауарлары нарығының көлемі 41,8 млрд АҚШ доллары мөлшерінде бағаланады. Оның ішіндегі Кеден одағы өндірушілері өнімінің үлесі тек 30 пайызды құрайды, заңды импорт – шамамен 40 пайыз. Сонда 30 пайызды құрайтын ескерілмеген импорт іс жүзінде отандық өндіріс үлесіне тең, дейді олар.

Кеден одағы аумағына әкелінген немесе осы аумақта өндірілген тауарларды сәйкестендіру таңбалауын енгізу тауар айналымын бақылауды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Алайда Қазақстанда халықтың, құқық қорғау және жауапты органдардың өнім өндірісінің шынайылығын, контрафактілі және контрабандалық өнімнің пайда болуын анықтауға мүмкіндік беретін сапаны бақылаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі бұрыннан қызмет етіп келеді.

Оның үстіне елдегі тоқыма және жеңіл өнеркәсіп ішкі нарықтың 12 пайызын ғана қамтамасыз етіп, таяу жылдарда Бірыңғай экономикалық кеңістік нарығына шығуға ұмтылмайтын экономиканың болмашы секторы ретінде берілген.

Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының Президенті Любовь Худованың ойынша, бұл таңбалаудың өнім сапасына еш қатысы жоқ, керісінше, бұл шара, сертификаттау сияқты, контрабанда ағымының төмендеуіне немесе оның сапасының көтерілуіне әкелмейді.

«Контрабандаға келер болсақ, онда жылжу процесін бақылау кеден органдарына жүктелген. Бұл дегеніміз, нәтиже алдын-ала анықталып қойған. Нәтижесінде заңды өндірушіге жүктеме түседі, басқа ештеңе де емес», - деп қорытты ол.

«Жеңілдетілген тәртіпте салмағы бойынша жеке тұлғалардың тауар алып өтуі үшін кедергі келтіру және әкелінетін өнімді бақылау үшін сынақ зертханаларын құру салаға нағыз көмек болар еді», - деп өз ұсынысын енгізді Любовь Худова.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы жүйені енгізудің лайықсыздығы туралы бизнестің шоғырландырылған ұстанымын жасақтау мақсатында қазақстандық кәсіпкерлермен және импорттаушылармен бірқатар кездесулер өткізді.

Бизнестің ойынша, бұл жүйенің негізгі кемшілігі бөлшек сауда саласындағы бақылауды күшейту және де, осының салдарынан жемқорлық көлемінің ұлғаюы болып табылады. Тауар сапасы проблемасын шешуге келсек, ол да күмән тудырады. Оның үстіне жағымсыз тұстары да жетіп артылады.

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кедендік әкімшілеу департаментінің директоры Әлихан Мәмбеталин атап өткендей, бұл жүйені дайындауда экономикалық зерттеулер жүргізілмеген, ал бизнеске деген реттеушілік әсерді талдау мүлдем жасалмаған.

«Аталмыш күйдегі таңбалау идеясы бюджетке түсімнің ұлғаю ықтималдығы мен контрафакт деңгейінің төмендеуі туралы теориялық болжамдарға негізделген және әлемдік тәжірибеде әлі күнге дейін еш жерде жүзеге асырылмаған. Сонымен бірге, импорт көлемінің қысқаруы мен салық салынатын базаның азаюы есебінен орташа мерзімдік кезеңде бюджетке кеден баждары мен салық түсімінің күтілетін төмендеуі есептелмеген», - деген ойда Әлихан Мәмбеталин.

Сонымен қатар, Кеден одағында бұрыннан келе жатқан бірыңғай белгімен таңбалау да жеткілікті және қажет бақылауды қамтамасыз етіп те жатыр. Қосымша таңбалау қайталаушы және артық талап болып табылады.

«Қосарлай таңбалау бизнес үшін де, мемлекет үшін де ауыртпалық әкеледі, себебі ол шекарадағы ғана емес, сауда процесіндегі бақылауды да болжайды, - дейді Әлихан Мәмбеталин. – Бұл бюджетке деген жүктемеге әкеледі, шенеуніктер үшін жемқорлыққа жаңадан жағдайлар жасайды, жалпы кәсіпкерлік белсенділікке жағымсыз әсерін қалдырады».

Жаңа жүйе қосымша шығындардан басқа жаңа бюрократиялық процедуралардың, есептіліктің, штатты ұлғайтудың пайда болуына ұрындырады да, бұл тұтынушы үшін тауардың қымбаттауына әкеледі.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының ойынша, тауарларды жаппай таңбалау кедендік тазарту кезінде проблемаларға алып келеді, атап айтқанда, ресімдеу мерзімдерінің ұлғаюына, және импорттаушылардың тауарларды сақтауға кететін шығындарына, себебі таңбалау кедендік бақылауда қоймаларда жүгізілуге тиіс болады.

ҰКП басқарма төрағасының орынбасары үстіміздегі жылдың 15 тамызында Мәскеуде өткен ЕЭК Кеңесінің отырысында осындай барлық қауіптенулері мен бизнестің шоғырландырылған ұстанымын жеткізген болатын, алайда бизнестің ұстанымына мүлдем көңіл бөлінген жоқ.

Егер қазақстандық бизнестің позициясына ЕЭК халықаралық шенеуніктері  құлақ аспаса, ҰКП сәйкес жүгініммен Елбасының алдына баруға дайын. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер