Энергетика министрлігі жанармайдың ағымдағы бағасын сақтап қалуға уәде беруде
Қазақстан Үкіметі ЖЖМ нарығындағы тапшылықты жою үшін, бірқатар шаралар қолдануда. Сонымен бірге мұнай өнімдерінің кейбір түрлерінің шекті құны бұрынғы деңгейде сақталып қалады, деп мәлімдеді республикадағы энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин.
«Дизельдік отын мен жанармай құнын көтеру бойынша ұсынысты үкімет құптамады. Яғни қазіргі баға сақталады», - деді ол сейсенбіде өткен брифингте.
Үстіміздегі жылдың тамыз айында Аи 92/93 маркалы жанармайдың шекті бөлшек бағасын 1 литр үшін 115 теңгеден 128 теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданған болатын. Аи-80 маркалы жанармай мен дизельдік отын бағасы бұрынғы деңгейде – 89 және 115 теңге мөлшерінде қалды.
Баға көтерілуінің негізгі себебі ЖЖМ көтерме сатып алу бағасы мен оларды бөлшек өткізу құнының арасындағы айырмашылық болды. Сонымен бірге бағаға қысымды Қазақстан мен РФ-дегі жанармай құнының арасындағы дисбаланс та жасап отыр. Қазақстанға қажет отынның үштен екісінің ел ішінде өндірілгенімен, қалған бөлігінің импортталатыны белгілі.
«Шамамен алғанда, бізде 128 теңге болғанда, ресейлік жанармайдың 1литрі шамамен 160 теңге тұрады. Бұл айтарлықтай айырмашылық. Және біздегі дизельдік отыр 115 теңге тұрса, ресейлік дизельдік отын 172 теңге болып отыр. Бүгінгі таңда мұндай айырмашылық орын алып отырғанда Ресейден қымбатқа сатып алып, бізге арзанға әкелетін компаниялар немесе жеке тұлғалар, әрине, аз кездеседі», - деді Ұзақбай Қарабалин.
Осыған орай, отандық ЖЖМ нарығын тұрақтандыру үшін, «ҚазМұнайГазға» мұнай өнімдерін шетелден әкелу тапсырылды. Оның үстіне – сонда да шығындалмақшы.
Сонымен бірге ресейлік ЖЖМ нарығындағы жағдайды Ачинск МӨЗ апат, бірқатар зауыттардағы жөндеу жұмыстары, ішкі сұраныстың өсуі қиындатып жіберді. «Басқа елдерге, сонымен қатар бізге қанша бере алатыны жағынан Ресей нарығында айтарлықтай шиеленіс туып отыр», - деді Ұзақбай Қарабалин.
Ресейлік мұнай өнімдерін Әзербайжан мен Түркіменстаннан жеткізу арқылы мүмкін болатын орнын толтыру төңірегіндегі келіссөздерге қарамастан, отандық нарықтағы тапшылықтың бар көлемін қазіргі уақытта жабу қолдан келмей отыр.
Қазақстандық үш МӨЗ қайта құру бағдарламасы аяқталған соң да ЖЖМ арзандауын күтудің қажеті жоқ.
«Баға – бұл енді басқа мәселе. Кереметті күтпеңіздер, дегім келеді. Егер біз бүгін ақша жұмсайтын болсақ, заманауи технологияларды іске қосу үшін банктерден қарыздансақ, осы банктерге қандай да бір мерзімдерде қандай да бір қаражатты қайтаруымыз керек. Осы іс-шаралардан ЖЖМ арзандамайды, деп ойлаймын», - деді энергетиканың бірінші вице-министрі.
«Бүгінде үш зауыт та қайта құру сатысында жатыр. Бұл олар тоқтап қалды дегенді білдірмейді. Олар қызмет етуде, өз өнімділіктерін жоғалтқан жоқ, бірақ сонымен қосарласа қайта құру жұмыстары да жүргізіліп жатыр», - деп қосты ол.
Осы айда қазақстандық Мұнай өңдеу зауыттарында 250 мың тонна жанармай, соның ішінде 186 мың тонна АИ-92 жанармайын өндіру жоспарланып отыр. Сонымен бірге республиканың отынның бұл түріне деген қажеттілігі айына 280 мың тоннаны құрайды.
Үстіміздегі жылдың сегіз айында Қазақстандағы жанармай шығару бар-жоғы 1,954 млн тоннаны құраған. Бұл 2013 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 15,1% көп. Керосин типтес реактивтік отынды өндіру 217,7 мың тонна (+8,7%) құраса, сұйытылған пропан мен бутан - 1,357 млн тонна (+0,1%), газойл - 3,252 млн тонна (-4,9%), мазут - 2,377 млн тонна (-7,4%).
Анатолий Вересков
Пікір қалдыру:
Пікірлер: