Австралиялық бизнесмендер Қазақстандағы геологиялық барлау жұмыстарына қызығушылық танытуда
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тау-кен және металлургия комитетінің Хатшылығы қазақстандық геологиялық барлау және тау-кен металлургия компанияларының геология және тау-кен өнеркәсібіне қызметтер мен жабдықтар жеткізумен айналысатын австралиялық кәсіпкерлермен кездесуін ұйымдастырды.
Austmine Роберт Тржебски (Robert Trzebski) қауымдастығының Басшысы атап өткендей, Қазақстан автралиялық жабдықтарды өркендету үшін ғана емес, ұзақ мерзімдік өзара пайдалы кооперацияларды жөнге салуға, технологиялар трансферін, өндіру өнеркәсібіндегі сервистік және консалтингтік қызметтерді дамыту үшін де ең перспективалы өңірлердің бірі болып табылады.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті Хатшылығының Басшысы Евгений Больгерт өз кезегінде ҰКП-ның австралиялық компаниялармен ынтымақтастыққа мүдделі екендігін мәлімдеді.
Евгений Больгерт австралиялық бизнесмендерге сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасының салалық қауымдастықтармен бірге жер қойнауларын пайдалану саласындағы заңнаманы жақсарту бойынша жұмыс жасап жатқанын айтып берді. Атап айтқанда, «Жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану туралы» ҚР Заңына бюрократиялық процедураларды айтарлықтай жеңілдетуді, әкімшілік кедергілерді төмендетуді, шешімдер қабылдаудағы ашықтықты көтеруді және т.б. қарастыратын түзетулер енгізілуде.
«182 түзету енгізу көзделуде. Олардың бір бөлігі тұжырымдамалық сипатта. Бұл дегеніміз келісім-шарттар бойынша міндетті сараптамаларды 60% дейін қысқарту, модельдік келісім-шарт ережелерін оңтайландыру, жер қойнауларын пайдаланушыларды қатты пайдалы қазбаларды өндіру келісім-шарттары бойынша жобалық көрсеткіштерден 20% шегіндегі өндіру көлемінің өзгеруін қиыстыру міндеттемесінен босату», - деп түсіндіріп кетті Е.Больгерт.
Сонымен бірге, оның айтуынша, реформа негізіне «бірінші келген – бірінші алады» қағидасын, геологиялық барлауға ұсынылған жер телімдеріне ренталық төлем жүйесін және т.б. енгізуді болжайтын австралиялық тәжірибе алынған.
Австралияда геологиялық барлау қызметтерінің қаржылық тұрғыдан тәуекелі зор, дегенмен айтарлықтай дамыған және кірісі мол бизнес болып табылатындығын айта кету керек.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Республикалық тау-кен және тау-кен металлурия қауымдастығы мен Австралиялық тау-кен өнеркәсібіне арналған қызметтер мен жабдықтарды экспорттаушылар қауымдастығы (Austmine) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы, сондай-ақ болашақта австралиялық компанияларды Қазақстанның геологиялық тау-кен өндіру саласына тарту бойынша Палата мен Австралия сауда комиссиясының арасында ынтымақтастықты дамыту туралы келісті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: