«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кеден процедуралары жеңілдетіледі

2014 жылғы 15 Қыркүйек
3795 просмотров

 

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап кедендік бақылау кедендік тазалау кезеңінен тауарларды шағырғаннан соңғы кезеңге ауыстырылуға тиіс. Осыған орай үстіміздегі жылдың соңына дейін жүктерді тасымалдау құнын төмендету, кедендік ресімдеу мерзімдерін қысқарту бойынша шараларды жасап шығу қажет және оларды сақтау, кедендік процедураларды барынша жеңілдету қажет.

Бұл туралы Алматыда өткен кеден қызметін жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында айтылды.

Дөңгелек үстелде аталып өткендей, ҚР Кеден қызметін дамыту жобасының аясында Қазақстанда Электонды декларациялаудың ақпараттық жүйесін құру, сондай-ақ кедендік әкімшілеуді жетілдіруге бағытталған заң жобасын дайындау жоспарланып отыр.

ҚР ҰКП сарапшыларының пікірінше, Кеден қызметін дамыту жобасын жүзеге асыру жақын арада бизнесті жүрізу үшін жағымды жағдайлар жасауға, сауда-саттық процедурасын жеңілдетуге, кедендік әкімшілеу процестерін жетілдіруге, тауарларды кедендік тазарту уақытын, кеден ісі саласындағы құжаттар санын айтарлықтай қысқартуға, сондай-ақ кәсіпкерлердің кеден қызметтері сапасына қынағаттану деңгейі өсуін көтеруге мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер