«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерді алаңдатып жүрген не?

2014 жылғы 10 Қыркүйек
3715 просмотров

 

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің 9 отырысында кәсіпкерлер мен жергілікті атқару органдарының өзара әрекеттестік проблемалары талқыға түсті.

Мәселені талқылау жергілікті атқарушы билік органдарының сот актілеріне, прокурорлық жауап қату актілеріне және жалпы заңнама нормаларына мән бермеуі төңірегінде өрбіді.

ҰКП Құқық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко атап өткендей, кәсіпкерлер мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзара әрекеттестігінде жүйелік проблемалар баршылық. Оның айтуынша, жер құқық қатынастары саласында көптеген сауалдар туындайды.

Сондықтан да Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысына жергілікті атқарушы органдар тарапынан бірдей бұзушылықтарды көрсететін түрлі өңірлерден алынған 4 мысал шығарылды. Отырыста аталып өткендей, бұл нүктелік мысалдар, бірақ олар өңірлердегі кәсіпкерлердің ұстанымынан хабар береді.

«Ең алдымен бұл заңды күшіне енген сот шешімін орындамау. Сонымен қатар өкілетті органдар шығарған ұйғарымдарды елемеу де орын алып тұрады. Үшіншіден, бұл жер қатынастары саласындағы рұқсат беру құжаттарын алу механизмінің ашық болмауы», - деп проблемаларды санамалап берді ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің басшысы.

Сонымен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атына «Plast Invest Trade» ЖШС мына проблеманы шешуге жәрдемдесуді сұрап жүгінеді.

Компания әкімшілік оқу ғимаратын салу және пайдалану бойынша мақсатты бағытпен Алматы қаласының ішінен жер сатып алады. 2013 жылы «Plast Invest Trade» ЖШС Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасына құрылысты жүзеге асыру үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын ұсыну туралы өтінішпен екі рет жүгінеді.

Алайда, Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы жер телімі Р-1 аймағында орналасқандықтан, СЖТ беруден бас тартады. Онда аумақты функционалдық қолданудың рұқсат етілген түрлеріне кіретіндер: орман-бақ; спорт және ойын алаңдары, шаңғы жолдары, велосипедтік жүгіру жолдары және т.б., және де әкімшілік-оқу ғимаратының құрылысы қарастырылмаған.

ЖШС сотқа Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының әрекетін заңсыз деп танып, жол берілген бұзушылықтарды жоюға міндеттеу туралы талаппен сотқа жүгінеді.

Сот шешімімен «Plast Invest Trade» қуыным талабы жартылай қанағаттандырылып, Басқарма әрекеті – заңсыз деп танылды, және де сот сонымен бірге жол берілген бұзушылықтарды жою үшін Басқарманың жасауына тиіс әрекеттер мазмұнын көрсете отырып, Басқарманы жол берілген бұзушылықтарды жоюға міндеттеді. 2013 жылғы қарашадан бастап осы уақытқа дейін «Plast Invest Trade» ЖШС СЖТ ұсынылмаған.

ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры сонымен қатар Ақмола облысындағы «Алдияр Агро» ЖШС ұшыраған проблема туралы да айтып берді.

Оның сөзіне сүйенсек, «Алтынай» шаруа қожалығы осы ЖШС тең құрылтайшысына айналады да, үлес ретінде жарғылық капиталға жер телімін қолдану құқығы шығарылады.

«Алайда кредит алу үшін және серіктестіктің қалыпты жұмыс жасауы үшін осы құқықтарды ЖШС-ға қайта ресімдеуді жүргізу қажет болады да, осыған орай кәсіпкерлер жергілікті атқару органдарына жүгінеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында Ерейментау ауданының жер комиссиясы қайта ресімдеу бойынша оң шешім шығарады. Алайда тамыз айында әкімдік «Алтынай» Шаруа қожалығына жерді пайдалану құқығынан беруден бас тартады», - дейді Олег Савеленко.

Бұл мәселені ретке келтіру үшін «Алдияр-Агро» ЖШС сотқа жүгінуге мәжбүр болады. 2013 жылғы 18 желтоқсанда сот шешімімен Ерейментау әкімінің қаулысы заңсыз болып танылды.

Ерейментау ауданының әкімі А. Қалжанов осы сот шешімінің болғанына қарамастан, оны орындамаған.

«Тек кәсіпкер Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасына жүгінгеннен кейін ғана 2014 жылғы мамыр айында сот шешімі орындалып, «Алдияр-Агро» ЖШС ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзее асыру мүмкіндігін алды. Кәсіпкер ірі қара мал сатып алуға кредит алып, 30 гектардан астам картоп егіп, шөп шапқан», - деген түсінік беріп кетті Олег Савеленко.

Отырыста Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес мүшелері Шығыс Қазақстан облысындағы «Исламбекова А.» ЖК қызметіне қатысты проблемалы мәселені де қарастырды.

«Болмашы ғана мәселе деуге болады, алайда ол шенеуніктердің өз лауазымдық міндеттеріне деген қатынасын анық көрсетеді», - деп атап өтті ҚР ҰКП Кәсіпкелер құқығын қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко.

Былтырғы жылы кәсіпкер А. Исламбековаға тиесілі дәмхана аумағында жергілікті биліктегілер жөндеу жұмыстарын жүргізіп, соның нәтижесінде дәмханаға жақын жатқан асфальт бұзылады, оның үстіне, инженерлік коммуникациялар да бұзылып, оларды кәсіпкер тіпті өз есебінен қалпына келтіреді. Алайда дәмхана жанындағы асфальтты жергілікті атқарушы органдар қалпына келтіруге тиіс болатын.

Прокуратураға бірқатар өтініштер жасағаннан кейін және әкімдікпен хат алмасу нәтижесінде қадағалау органы ҰКП ұстанымын қолдады. Аудан прокуратурасы аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне дәмхана алдындағы асфальтты қалпына келтіру туралы мәселені қоюмен бірге кәсіпкер құқығын қалпына келтіру туралы ұсыныс енгізеді. Бірақ асфальтты қалпына келтіру шаралары іске асырылмайды.

ҰКП прокурорлық жауап қату шараларын қолдануды сұрап қайтадан жүгінгенде аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі бастығының міндетін атқарушының асфальтты 2014 жылғы тамыз айында қалпына келтіруге ниетті екенін көрсеткені анықталды. Шенеуніктің сендіргеніне қарамастан, бұл уәде орындалған жоқ. Сонымен бірге кәсіпкердің құқығы бұзылған сәттен бері де 1 жыл өтіп кетсе де, асфальт сол беті қалпына келтірілмеді.

Өкінішке орай, мұндай оқиғалар жиі орын алып тұрады. Мысалы, жер мәселесі төңірегіндегі шағындар саны Алматы облысында көптеп байқалады, СҚО бизнесмендерін салық салуға байланысты проблемалар толғандырады. Кәсіпкерлердің шағымдануы жағынан бірінші орында – МСҚБ, одан соң – экология және көлік инспекциялары.

Кеңес отырысында осы тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені алға тартып, қайта қалыптастырылған ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы қимыл істері жөніндегі агенттіке жүгінуге шешім қабылданды.

ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес Төрағасы Ғани Қасымов отырыс жұмысын қорытындылай келе, «шенеуніктердің бассыздығын тоқтатын уақыт келгенін» мәлімдеді.

«Жергілікті жерлерде кәсіпкерлікке қатысты заңдылықты сақтаумен жағдайды түбегейлі жақсарту қажетПрокуратура органдарымен, басқа да құқық қорғау органдарымен жаңаша әрекеттестік орнату қажет», - деп қорытты Ғани Қасымов.

Оның сөзіне сүйенсек, осы жылдың қыркүйек айында Кеңес көшпелі отырыстар тәжірибесін қайта жаңғыртып, Қазақстанның барлық өңірлеріне сапар шегеді. Ғани Қасымов Кеңестің көшпелі отырыстарын үнемі жүргізіп отыру қажет және кәсіпкерлердің нақты мәселелерін шешу арқылы шенеуніктердің жүгенсіздігі және жерілікті орындарда шешім қабылдаудағы процедуралардың ашық болмауы сияқты жүйелік проблемаларды шешу қажет, деген ойда. ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес басшысы субсидиялар беру, жер қатынастары, мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңдылықтар мониторингін өткізуге, сондай-ақ жергілікті жерлерде консультативтік-кеңесу органдарының жұмыстарын тәртіпке келтіруге  кірісетінін хабарлады.

Сонымен қатар, ол Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі орталық кеңес және өңірлердегі Кеңестер отырыстары үшін  күн тәртібіне мәселелерді шығару үшін бірыңғай өлшемдер жасалатындығын атап өтті.

Кеңестің 9 отырысында кәсіпкерлер палаталары өкілдерін әкімдіктер жанындағы жер комиссиялары құрамына кіргізу проблемасы сөз болды. Осы комиссиялар жұмысына кәсіпкерлер палаталары өкілдерінің толыққанды қатысуы бизнес субъектілері проблемаларының бүтін бір тобын шешуге мүмкіндік беретіні аталып өтті.

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы кәсіпкерлер проблемаларын шешудегі прокуратура органдарының ролін баса айтты. Оның айтуынша, Бас прокуратура Ұлттық палатаға кәсіпкерлер жасаған өтініштер бойынша сот актілеріне 89 қадағалау наразылығын әкелген.

Ғани Қасымов жиналысты жаба отырып, Кеңестің алдында тұрған өңірлердегі жұмыс тиімді болып, көптеген мәселелерді шешуге, сонымен қатар жасырын проблемаларды анықтауға көмектесетініне сенімін білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер