«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен Астана қаласының әкімдігі меморандумға қол қойды

2014 жылғы 12 Қыркүйек
4281 просмотров

 

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық және әрекеттестік туралы құжатқа әкім Иманғали Тасмағамбетов пен Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов қол қойды.

Меморандумға сәйкес, тараптар билік пен бизнес арасында тиімді функцияланатын сұхбат алаңын ұйымдастыруға, кәсіпкерліктің ең өзекті ппроблемаларын бірлесе қарап, шешуге және отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін көтеру бойынша жүйелік шараларды жасап шығуға ниетті.

Бизнес өкілдерінің қатысуымен жергілікті мемлекеттік органдар жанынан консультативтік-кеңесу органын (ККО) құру жоспарланып отыр.

Оның құрамы ӨКП ұсынысы бойынша қалыптастырылатын болады. Оның үстіне оған 50 пайыздан астам бизнес өкілі кіруге тиіс.

ККО бірлесе төрағалық етушілер елордалық әкімдік және Астананың Кәсіпкерлер палатасы өкілдері болады.

Консультативтік-кеңесу органының отырыстары аз дегенде айына 1 рет өткізілетін болады. Күн тәртібін бизнес-қоғамдастықтың ұсынысы бойынша қалыптасрыу жоспарлануда.

Меморандумға сәйкес, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері жер комиссиясының, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі комиссияның жұмысына қатыса алады, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік органдар жұмысына мониторинг және талдау жүргізе алады.

Сондай-ақ ӨКП веб-порталға бизнестің өзекті проблемаларын шешу бойынша мемлекеттік органдар шешімдері мен жұмыс жоспарларын орналастыруға құқылы.

ККО басымдылықтары – кәсіпкерлік мәселелерін қарау және шешу, атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша, өңірлік даму институттары жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету бойынша, мемлекеттік сатып аулалр және қазақстандық мазмұнды көтеру, монополияға қарсы заңнама және тариф құру проблемалары, инвестициялық саясатты қалыптастыру және бизнес үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігі мәселелері бойынша.

Осы Меморандум ережелерін түсіндіруде және қолдануда даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оны консультация және келіссөздер жолымен шешеді.

Тараптардың өзара келісуі бойынша аталмыш Меморандумға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Ол осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке құжаттармен ресімделеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер