«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан экономиканы әртараптандыру және инновацияларды дамыту бойынша қимылын белсендіруі қажет

2014 жылғы 12 Қыркүйек
6653 просмотров

 

Азия даму банкінің (АДБ) ойынша, 2050 жылы ең дамыған отыз елдің қатарына кіру бойынша өз мақсатына жеткісі келсе, Қазақстан экономиканы әртараптандыру және инновацияларды дамыту бойынша күш-қимылын белсендіре түсуі қажет.

«Қазақстанда өсу мен дамудың негізгі арқауы табиғи ресурстарды өндіруден қазіргі тәуелділікті жеңу және оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында экономиканы кеңейту қажеттігі болып табылады. Қазірде Қазақстанда қадам дұрыс бағытта жасалып отыр, бірақ қойылған мақсаттарға жету үшін біршама кешенді ұстаным қажет», - деген сенімде АДБ білім және тұрақты даму жөніндегі вице-президенті Бинду Н.Лохани.

Соңғы онжылдықта елімізде минералдық ресурстарды өндіру есебінен экономикалық күрт көтерілу орын алды, бірақ осы табиғи басымдылық инновациялар мен білімнің дамуына инвестицияның қажеттігін сезінуді бәсеңдетіп жіберді.

Білімге бағдарланған экономиканы дамытуда қазақстанға тап келетін мәселелердің қатарына шағын жеке меншік бизнестің даму деңгейі, жемқорлық, кәсіпкерліктің әлсіз дамуы, білімнің, әсіресе жоғары және кәсіптік білімнің нарық қажеттіліктеріне сәйкестігі мен сапа деңгейінің төмендігі, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмысына шығынның төмен деңгейі жатады. Сонымен бірге, ауылдық аудандарда Ғаламторды қолданудың, мобильді байланыстың қолжетімділігі мен оны пайдаланудың төмен деңгейі қала мен ауыл арасындағы «сандық теңсіздікке» алып келді.

Осы қиындықтарды жеңу үшін, АДБ өкілдерінің ойынша, кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін жетілдіру, технологиялық инновацияларға деген мемлекеттік шығыстарды ұлғату және ғылымды қажет ететін стартап-жобаларды венчурлік қаржыландыру саласын дамыту қажет. Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытуда еліміз айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізгеніне және ауылдық аудандарда Ғаламторға қолжетімділікті және байланысты пайдалануды кеңейту бойынша жаңа стратегияны даярлап қойғанына қарамастан, телекоммуникациялық секторда бәсекелестікті ынталандыру мақсатында нарықты одан арғы ырықтандыру үшін мүмкіндіктер баршылық.

Соңғы жылдары үкімет инновацияны дамытуды ынталандыру мақсатында бірқатар бастамаларды жүзеге асырды, алайда біршама үйлестірілген ұстаным қажет, деп атап өтті банк талдаушылары. Мұндай ұстаным, саясатты жүзеге асыруға қадағалау жасайтын жоғары деңгейдегі ведомствоаралық кеңесті құрудан тұруы мүмкін. Бұл Финляндия Ұлттық ғылыми зерттеулер мен инновацияларды қадағалау кеңесіне ұқсас болуы да ықтимал. Қазақстан үшін Шығыс Азиядағы дамыған елдердің кейбір ең табысты саясаттары мен бағдарламаларын бейімдеу лайық сияқты.

Білім экономикасында ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, инновациялар мен зерттеулер, сондай-ақ білім мен ақпаратты құру, тарату және қолдану бойынша мамандандырылған білімдер қолданылады. Қазіргі кезде Азияның дамушы елдері Дүниежүзілік банктың Білім экономикасы индексі бойынша ЭЫДҰ елдерінің орташа рейтингімен салыстырғанда біршама төмен рейтинке ие. Технологияның жылдам дамуы Азияның дамушы елдерінде технологиялардың біршама ескі буындарының жоқтығын білдіреді, бұл жаңа технологияларды жылдам қабылдауға мүмкіндік береді. Халықаралық электр байланысы одағының бағалауы бойынша, 2013 жылы Азияда стационарлық байланыстың әрбір абонентіне мобильдік байланыстың саны жағынан жетіге дейінгі абонентінен келген. Осыған орай дұрыс саясат жүргізіп, сәйкес инвестициялар болған жағдайда Азия біршама дамыған елдерге қарағанда «бұлтты» технологияларды қолданумен және Ғаламтор мен мобильдік қосымшаларға сымсыз қолжетімділікпен талап бойынша қызметтерге жылдамырақ көшуі мүмкін.

Білім экономикасын дамытуды ынталандыру бойынша қимылдар түрлі мемлекеттерде түрліше болады. Бірақ олар үшін ақпараттық және коммуникациялық технологияларға инвестициялармен үндестіктегі күшті, үйлестірілген мемлекеттік саясат, сонымен бірге Ғаламторға жалпыға ортақ, бағасы жағынан қолжетімді, жоғары жылдамдықтағы кіру, зияткерлік меншікке деген құқықты қорғау бойынша күшті ұстанымы болатын ғылыми зерттеулер мен инновациялар мәдениетін, дағдыларын қалыптастыруға бағдарланған білім берудің, әсіресе жоғары білім мен оқыту сапасын көтеру қажет. Еңбек нарығы мен капиталдың икемділігі де шешуші маңызға ие.

Экономикаға осылайша білімге негізделу тұрғысынан келу маңызды болып табылады. Себебі еңбек пен капиталды көп қажет ететін өндірістегі өңірдің салыстырмалы басымдылықтары әлсірей береді. Жаңа технологиялар, мысалы, роботты техника, және де энергия және су сияқты ресурстарға ұлғайып келе жатқан жүктеме Азияның бәсекеге қабілеттілігі үшін қауіпке айналуда. Инновацияларға негізделген өсуге көшу елдердің «орташа табыс тұзағынан» құтылуына, сонымен қатар табыстар теңсіздігінің өсуімен байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер