443,6 млн теңге көлеміндегі субсидия аграрийлер кредиттерін арзандатуға бағытталмақшы
Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілердің кредиті және лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы 489 қарызгердің өтінімі (605 кредиттік/лизингтік шарт) мақұлданып үлгерді. Отандық аграрийлердің кредиттері мен лизингін арзандатуға бұл өтінімдер бойынша 443,6 млн теңге көлеміндегі субсидия бөлінген.
«Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредит және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін өтеу» 227 республикалық бюджеттік бағдарламасы Қазақстанда екінші жыл әрекет етуде. Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында қарастырылған.
«Қазагромаркетинг» агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің кредиті мен лизингін арзандату бойынша бағдарламаның операторы болып табылады. Компания агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің кредиті/лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін қаржы институттарынан өтінімдер мен құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.
Бағдарламаға ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен және/немесе қайта өңдеумен айналысатын, сондай-ақ ауыл шаурашылық өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша қызметтер көрсететін шаруа қожалықтарын қоса алғанда, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар қатыса алады.
Бағдарламаға қатысқысы келетін барлық қарызгерлер екінші деңгейлі банктерге және кредит арған лизингтік компанияларға жүгінуге тиіс.
Субсидиялауға номиналды сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 14%-дан аспайтын және шетелдік валютада жылдық 10%-дан аспайтын кредит пен лизинг жіберіледі.
Бұл ауыл шаруашылық техникасын және технологиялық жабдық лизингі бойынша шарттар, сондай-ақ айналымдық қаражатты толықтыруға арналған, негізгі қаражатты алуға және құрылысқа арналған кредит шарттары болуы мүмкін.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, айналымдық қаражатты толықтыруға және негізгі қаражатты алуға, құрылысқа арналған кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдықты және ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелері кредит теңгемен болған жағдайда жылдық 7%-ға, және де кредит шетелдік валютамен алынған жағдайда жылдық 5%-ға төмендетіледі.
Мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі саласы үшін ауыл шаруашылық техникасы мен жабдығын алуға лизинг және кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі кредит теңгемен болған жағдайда жылдық 10%-ға, және де кредит шетелдік валютамен алынған жағдайда жылдық 7%-ға төмендетіледі.
Ауыл шаруалышылық тауарын өндірушілер бағдарламаға қатыса отырып, мәселен, кредитке алған тракторын 20%-дан астам сомаға арзандата алады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: