Құбыр ісі
Қазақстандық болат құбырлар мен құрылыстағы темір арқауды өндірушілер мемлекеттік қолдауға мұқтаж.
Отандық металлургия өнімдерін өндірушілер ресейлік компаниялар тарапынан қатаң бәсекелестікті бастан кешуде. Қазақстандық темір арқау және құбыр өнімдері нарығының жартысынан астам бөлігін Ресей Федерациясынан әкелінген өнім алып тұр.
ҚР ҰКП Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті Хатшылығының басшысы Евгений Больгерт осындай мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, қуаттылықтарды жүктеу және дайын өнімді өткізу проблемасы өткірленіп тұр, ал өндірістік қуаттылықтардың жүктелуі 50 % аспайды.
«Нарықтың ағымдағы жағдайына жасалған талдау қорытындылары бойынша құбыр өнімін өндіру бойынша қазақстандық кәсіпорындардың жобалық жиынтық қуаттылығы жылына 691 мың тоннаны құрайтыны белгілі болды. Сонымен бірге 2013 жылы Қазақстандағы құбыр өндірісінің көлемі бар-жоғы 249, 1 мың тоннаны құраған, ал құбыр өнімінің импорты 2 млн тоннадан асып жығылған.
2014 жылғы 7 ай ішінде Қазақстанда 156 мың тонна құбыр өнімі өндірілген. Бұл ірі мұнай-газ жобаларының жүзеге асуы барысымен байланысты ішкі нарықтағы төмендеп кеткен сұраныс жағдайында орын алды. Бұл фактор сонымен қатар іс жүзінде 250,7 мың тоннаға дейін 10 есеге қысқарып кеткен импорт көлемінен де көрініс берді», - деп түсіндірді Евгений Больгерт.
Евгений Больгерт
ҚР Инвестиция және даму министрлігінің болжамы бойынша, 2014 жылғы күтілетін өндіріс көлемі 339 мың тоннаны құрайды, ал бұл кәсіпорындардың 2014 жылғы жиынтық жүктелуі бұрынғы деңгейде қалып 50 % шегінен аспайды.
ҚР ҰКП ТМК Хатшылығының басшысы атап өткендей, өндірістік қуаттылықтар жүктелмеуінің себебі шетелдік, негізінде ресейлік өндірістегі құбырларды қолданушы мұнай-газ секторы кәсіпорындары мен ТКШ тарапынан тапсырыстың жоқтығы болып табылады.
Қазақстандағы құрылыс темір арқауларының негізгі өндірушілері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Кастинг» ЖШС, «Ақтау құю зауыты» ЖШС, «Феррум Фтор» ЖШС және «ЕвразКаспианСталь» ЖШС болып табылады.
«Бұл кәсіпорындардың жалпы жобалық қуаттылығы жылына 1 400 мың тонна темір арқауды құрайды, ал «KSP Steel» ЖШС-да арматуралық-сым орнағын іске қосқаннан соң көрсеткіш жылына 1 820 мың тоннаға жетеді», - деді Евгений Больгерт.
Оның сөзіне сүйенсек, 2013 жылы Қазақстандағы темір арқау өндірісі іс жүзінде импортқа тең болған және шамамен 350 мың тоннаны құраған.
2014 жылғы 7 ай ішінде құрылыс темір арқауын өндіру 302,6 мың тоннаны құраған, сонымен бірге 6 ай ішінде құбыр импорты 155,7 мың тоннаға жетіп үлгерген.
Құрылыс темір арқауының негізгі өндірушілердің жүктелуі 2013 жылы орташа алғанда 29,7 % құраса, болжамды көрсеткіштерге сәйкес 2014 жылы жүктелу 50 %-дан аз шаманы құрамақшы.
«Ақ бұлақ», ТКШ реформаларын, «Қолжетімді баспана» бағдарламасын жүзеге асыруды және коммерциялық құрылыс көлемінің өсуін ескере отырғанда құрылыс темір арқауына деген болжамды қажеттілік жылына шамамен 1 400 мың тоннаны құрайды, бұны отандық кәсіпорындар толықтай жабуға қабілетті. Сонымен бірге республикада өндірілетін темір арқау мен құбыр өнімі сапасы жағынан шетелдік өнімдерден қалыс қалмайды.
ҰКП өкілі айтып кеткендей, кәсіпорындардың жүктелмеуінің негізгі себептерінің бірі нысандар құрылысын жобалауды, және де жобалау құжаттарын даярлауды ресейлік темір арқауды ескере отырып жасау болып табылады. Бұл өз кезегінде қазақстандық темір арқаудың төмен деңгейде қолданылуына әкеледі.
Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында өңірлерді жылумен, сумен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруда, сондай-ақ отандық темір арқауды мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары, ТКШ жетілдіру, ЭКСПО-2017 және т.б. аясында қолдану үшін, отандық құбыр өндірушілерді мемлекеттік қолдау және жәрдем қажет.
«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан «жедел басқару» тәртібінде металлургия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қауымдасуды жөнге салуда, сондай-ақ республикада өндірілетін құрылыс темір арқауы мен құбырлар сапасын растау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр», - деп қорытты Евгений Больгерт.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: