«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің бірде-бір шағымы назардан тыс қалмайды

2014 жылғы 10 Қыркүйек
3310 просмотров

 

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің тоғызыншы отырысында ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов осындай мәлімдеме жасады.

Төрағаның ақпаратына сүйенсек, қорғау желісі бойынша кәсіпкерлерден үш мыңнан астам өтініш келіп түскен. 1 мыңнан астамы орталық аппаратқа келген, оның ішінде 600 өтініш жағымды шешімін тапқан.

ҰКП Басқармасының Басшысы айтып бергендей, МСҚБ атына шағымдардың саны өсіп кеткен. Абылай Мырзахметовтың айтуынша, одан кейін кәсіпкерлердің жұмыс жасауына кедергі жасаушылар – эколог-инспекторлар. Көлік бақылауы жүйесіндегі бизнесмендер өтініштеріне түсінік бере келіп, ҰКП Басқармасының Басшысы мұндағы жағдайдың «бассыздықтың шегінде» жатқанын мәлімдеді.

ҰКП Басқарма Төрағасы Қазақстанда 11 мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылып жатқанын, мемлекеттік қолдаудың теңдессіз шаралары қабылданғанын атап өтті.

Алайда, оның ойынша, бір жәйт алаңдатады.

«Осы шараларға қарамастан, соңғы 7 жылда ШОБ үлесі 16-18% шегінен шықпайды. Ауыл шаруашылыққа субсидиялар екі есе ұлғайтылған, бірақ қандай да бір нәтиже көрінбейді», - деді Абылай Мырзахметов. Сонымен бірге ол тамыз жиналысында Елбасының да осындай сауал тастағанын еске сала кетті.

Ел Президенті өңірлерге сапарының барысында ШОБ мемлекеттік қолдау бойынша жұмыстардың жүргізілмей жату себебін әкімдерден сұрады. Мемлекет айтарлықтай қолдау шараларын өткізіп жатқанда, мәселен, кәсіпкерлер шығынының 50 пайызға дейінгі мөлшерін мемлекет өтеп беретін жағдайда, мұның себебі неде. 

«Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін «Инвестициялар туралы» жаңа Заң бойынша мемлекеттен 30 пайызға дейінгі субсидияны басымдылықты салада жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлер алады», - деп қосты Абылай Мырзахметов. Бір айта кететіні, ҰКП басшысы атап өткендей, осы заң нормалары Қазақстанның өңдеу саласына өз инвестицияларын салушы қытайлық инвесторлардың қызығушылығын тудыруда.

Оның ойынша, басты мәселе тәжірибелік кеңістікте. Осыған орай, Ұлттық палата жыл соңына дейін барлық аталмыш жүйелік проблемаларға талдау жүргізіп, «таяз» жерлерді байқап, кәсіпкерліктің дамуына кедергіні анықтамақшы.

«Осы бағдарламалар бойынша бизнес пен шенеуніктің байланысы қалай жүріп жатқанын, субсидиялардың қандай ережелермен бөлініп жатқанын, жер телімдерін алуда қиындықтардың туындау себептерін көзбен көріп қайту үшін, өңірлерге бару қажет, және де ақырында осы жағдайға талдау жасап, кімнің кінәлі екенін және оның кінәсі неде екенін тауып қайту қажет», - деп түйіндеді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

Ол сонымен қатар бұл жұмысқа ҰКП басқармасының барлық мүшелері тартылатынын атап өтті.

Оның айтуынша, өңірлерде бар жағдайға талдау жүргізіп, жер комиссияларының жұмысын тексеру, яғни олар қалай қалыптастырылғанын, жұмысты қалай жүргізеді және қаншалықты ашық жүргізетінін анықтау жоспарланып отыр. Абылай Мырзахметов атап өткендей, жер қатынастары жергілікті жерлерде кәсіпкерлер көтеріп жүрген барлық проблемалардың төрттен бірін алады екен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер