ҰКП бас прокурордың орынбасарына кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі өкілеттікті беруді ұсынуда
Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бас прокуратурамен бизнесті қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейтуді көтеруде.
«Біздің сұрауымызбен бір жыл бұрын Бас прокуратурада кәсіпкерлермен жұмыс жөніндегі бөлім ашылған болатын. Бірақ онда бар-жоғы үш адам жұмыс жасайды. Алайда біз кәсіпкерлерден 3 мың өтініш жинап үлердік. Қазір аудандар да қосылады. Осы өтініштер мен шағымдар толқынының өсе беретіндігі түсінікті. Біз Бас прокуратураның жеке департамент жасақтауын ұсынып отырмыз, және де, мүмкін болса, бас прокурор орынбасарларының бірі кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселесімен айналысатын болса», - деп мәлімдеді Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында сөйлеген сөзінде ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.
Төрағаның сөзіне сүйенсек, бұл қосымша бюджет шығындарын талап етеді, алайда Палата бұл мәселені шешуде қолдау сұрап, үкіметке жүгінуге әзір.
«Бұл бізге де, кәсіпкерлерге де көмегі тиетін шынайы құрал. (...) Палата бас прокуратурамен белсенді түрде жұмыс жасауда. Біз прокуратура тарапынан күшті қолдауды сезіп отырмыз. Тәжірибе көрсеткендей, бас прокуратура – ең салмақты және ең ықпалды қорғау құралы. Бұл жұмысты белсенділікпен жалғастыруымыз қажет», - деп баса айтты Абылай Мырзахметов. Ол бұл органның Палатаның өтініштері бойынша сот шешімдеріне 8 наразылық енгізіп үлгергенін қоса кетті.
Басқарма төрағасының айтуынша, ҰКП Жоғарғы сотпен де ынтымақтастықты жөнге салуда. «Елбасы шағын және орта бизнес субъектілері, инвесторлар құқықтарын қорғаудағы сот жүйесінің орнының ерекше екендігін атап өтеді. Тура екі апта бұрын Жоғарғы сот басшылығының шақыруымен біз Жоғарғы сот судьяларының, облыстық соттар мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары басшыларының қатысуымен өткен селекторлық жиналысқа қатысып қайттық. Конституцияға сәйкес сот төрелігін жолдау бойынша сот қызметіне араласуға жол берілмейді. Бүгінгі таңда біз екі жүйелік мәселе бойынша бірлескен жұмыс туралы келісімге келдік: тәуелсіз арбитражды және салықтық және кедендік даулар бойынша тәуелсіз апелляцияларды дамыту», - деп хабарлады Палата Басқармасының Төрағасы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: