Өңірлік үйлестіру кеңестерінде кредиттер бойынша банк мөлшерлемелерін субсидиялау мәселелері шешімі созылып кетті
«Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының ең көп талап етілетін құралдарының бірі кредиттер бойынша мөлшерлемені субсидиялауды мақұлдау мәселесі өңірлерде көбінесе негізсіз түрде созылып кетеді, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.
«Банк компанияны қалыпты клиент ретінде ұсынады. Осыдан кейін мәселе әкім немесе оның орынбасары басқаратын өңірлік үйлестіру кеңестеріне жіберіледі. Олар өздеріне ыңғайлы кезде отырыс өткізеді. Кәсіпкер бізге мынадай шағым жазыпты: банктің мақұлдауын алдым, бірақ субсидиялауды алу үшін, өңірлік кеңес жиналып, мақұлдасып, құжаттарды «Даму» қорына бергенше күтуге екі ай кетті», - деді ол Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында сөйлеген сөзінде.
Сонымен бірге бұл комиссиялардың құрамы да наразылық тудырады. «Комиссия құрамы –12 адамнан 60 адамға дейін. Адамдар қандай өлшемдер және квоталар бойынша таңдалған. Осының барлығы түрлі сауалдар туғызады. Кей-кейде шенеуніктердің өздері отырыс өткізеді. Қайдағы белсенділік, бизнесті ынталандыру дегеніміз қайсы? Мемлекеттік бағдарламалардың беделін түсіріп жатырмыз», - деп мәлімдеді Абылай Мырзахметов.
Сонымен бірге, ҰКП Басқарма Төрағасы кәсіпкерлердің, әсіресе өңірлерде, бизнесті қолдаудың бірқатар мемлекеттік бағдарламаларының механизмдері жайлы ақпараттандырылмағанын атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: