«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа заң келесі жылдың басынан-ақ күшіне енуі мүмкін

2014 жылғы 10 Қыркүйек
4131 просмотров

 

2015 жылдың басынан бастап мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа заң күшіне енуі мүмкін. Ол осы процедураларды жақсартуға бағытталған айтарлықтай өзгертулерден тұратын болады, деген ойда Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

«Президенттің тапсырмасы бойынша сатып алулар туралы жаңа заң дайындалып жатыр. Ол бірыңғай болады. Елбасымыз бұл заңды басымдылықты деп жариялағандықтан, 1 қаңтардан бастап күшіне енуі мүмкін. Жалпы алғанда, бұл мәселе төңірегінде үкіметтік органдар деңгейінде толықтай түсіністік орын алып отыр. Онда процедураларды жақсартуға бағытталған айтарлықтай өзгертулер жасалмақшы», - деді ол Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында сөйлеген сөзінде.

Заң жобасындағы басты аспект – қоғамдық бақылауды шынайы түрде жүзеге асыру. «Оның мәні неде? Мемлекеттік сатып алулардағы барлық проблемалар техникалық айрықшалауларды даярлау деңгейінде басталады. Бұл деңгейді ешкім бақыламайды. Шығыс Қазақстан кәсіпкерлер палатасы мынадай деректі келтіріп отыр: аудан орталығында балалар бақшасын салу үшін, компанияда 15 мұнаралы көтергіш болуға тиіс. Бірақ бұл ешбір логикаға сыймайды. Сатып алулар кезінде мұндай өлшемдерді дайындауға ешкім де жіберілмейді. Ал кейін бізді комиссияға шақырады, бірақ онда жеңімпаздың кім екені белгілі теңгерімінде 15 көтергіші барлар. Алайда бұл дегеніміз ақылға сыймайтын нормалар ғой. Және де біз бұны бақылауға алуға тиіспіз», - деп баса айтты Абылай Мырзахметов.

«Самұрық-Қазына» қорының алдына да осындай сауалдар тасталады, себебі 3 трлн теңгеден астам көлемдегі сатып алулардың үштен бірін ұлттық компаниялар жүргізеді.

ҰКП басқарма төрағасының сөзіне сүйенсек, кәсіпкерлер электронды сауда-саттық жүргізген кездегі бұзушылықтарға шағым айтып, Палатаға жиі жүгінеді. «Бізге барлығы да электронды форматқа көшірілгендігін, онда теріс пайдаланудың болуы мүмкін еместігін айтады. Мүлдем олай емес! Біздің деректер, талдау көрсетіп отырғандай, кейбір әкімшілер электронды сауда бойынша алаңды түнгі сағат 10 мен 12 аралығында ашады. Яғни осы алаңдарды айналып өту үшін, нешетүрлі қосымшалар ойлап табады», - деді ол.

Сонымен қатар, сауда-саттық әкімшілері арамза жеткізушілер деп аталатындардың тізілімі сияқты механизмді теріс пайдаланады. «Бұл бизнес үшін соққы. Біз былтырғы жылы бірнеше сот процесін жеңіп алдық. Жаңа заңнама бойынша, тізілімді Палата жүргізетін болады. Кімнің демпингке ұшырап, кімнің «Бесобаны» (төрт кіре-берістен тұратын блок құлаған Қарағандыдағы «Бесоба» ТК - ескертпе) салатынын, ал кімнің құрылысты жөнімен жүргізетінін өзіміз реттейміз. Яғни тендерге кімді жіберіп, кімді жібермейтінін әкімші шешпейді», - деп мәлімдеді Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер