«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Семейлік кәсіпкерлер заңнамалық өзгерістерді асыға күтуде

2014 жылғы 09 Қыркүйек
4482 просмотров

Қазақстан Республикасы Парламенті қос палатасының бірлескен отырысында Елбасы көптеген түйткілді мәселелерге тоқталған болатын. Ел дамуындағы басты дүниелерге қатысты Мемлекет басшысы нақты тапсырмаларды да жүктеді. Соның бірі - бизнестің әлеуетін арттыруға бағытталған шаралар.

Осыған дейін ұлт көшбасшысы кәсіп иелерін негізсіз тексеруге мораторий жариялаған болса, енді оларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сондай-ақ, кедендік бақылаудың неғұрлым қарапайым болуын ұсынып отыр. Бұл ұсынысты Семейлік кәсіпкерлер толығымен құптайды. «Енді заңнамаға енгізілетін қажетті өзгерістерді енді асыға күтеміз», - дейді.

Юрий Келенцев, тігін фабрикасының директоры:

- Мемлекет кәсіп иелеріне барынша қолдау көрсетіп жатыр. Айталық, бүгінде еліміздің күштік құрылымдары бізді мемлекеттік тапсырысты орындайтын мекеме қатарына қосу үшін өнімдеріміздің нарықтық бағасын ұсыныңыздар деп хат жазып жатыр. Сондықтан, Президентке алғыс айтамыз! Өйткені, Елбасының бізге жасап жатқан қамқорлығы мекемемізде өте жақсы сезіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер