Идеяның да құны бар
Республикалық Atameken Startup бизнес-идеялар байқауын ұйымдастырушылар ісін бастаушы кәсіпкерлерді қолдап, қорытынды шығарып, жеңімпаздардың атын атады.
Республикалық Atameken Startup бизнес-идеялар байқауын «Атамекен Стартап» қоғамдық қоры ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі жөніндегі комитетінің тапсырысы бойынша ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен ұйымдастырғанын еске сала кетейік. Жобаның титулдық демеушісі Қазақстанның Халық банкі болды.
Сонымен, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ең үздік жоба» номинациясында үшінші орын мен 200 000 теңге сомасына @BFF.kz дүкенінен өнім сатып алуға сертификатты Feed Today тобы алды.
Feed today – бұл ыңғайлы жаңалық порталы. Ол сіз үшін лайктар саны, ақтарып қарау, жаңалыққа деген түсініктер саны сияқты өлшемдер бойынша жаңалықты өзі іріктеп береді.
Екінші орын мен 300 000 теңге сомасына осындай сертификатты Jet Set тобы алды.
Топ түсіндіріп кеткендей, Jet Set қосымшасы өз мақсаттық аудитория мекемесін өркендету үшін аса ыңғайлы болып табылады. Елімізде түрлі сипат пен талғамдағы мекемелер баршылық, және де өз демалысын ұйымдастырғысы келген жан бара алатын орындары туралы көбінесе біле бермейді.
Jet Set қосымшасы клиентті де, мекемені де байланыстыратын ыңғайлы қосымша болып табылады. Бір айта кететіні, қосымша қызмет жасап тұр және сіздің смартфоныңыз үшін қолжетімді.
Бірінші орын мен 500 000 теңге сомасына сертификатты ұйымдастырушылар Supernanny.kz тобына табыстады.
Жоба авторлары – отбасылық жұп. Олар жобаны басынан аяғына дейін таныстырып шықты. Ата-ана бола отырып, олар баласымен қалдыратын адам жоқтығы проблемаға ұшырасқан, және де бұл проблема осындай портал ашу ойына әкелген. Портал аналардың күтуші іздеп қана қоймай, күтушілердің өзіне жұмыс табуына мүмкіндік береді. Қазылар алқасы сайттың әлеуеті зор екенін және қазірден-ақ функциясын кеңейтуді талап ететінін бірден атап өтті. Жастардың мәлімдеуі бойынша, ақпараттық аштығын сусындату үшін, әркімнің қаншама уақыт жұмсауына тура келеді, ал бұл қосымша тек қана өзекті және танымал жаңалықтарды іздеу уақытын қысқартуға көмектеседі.
«Ең үздік әлеуметтік бағдарланған бизнес-жоба" секциясында жеңімпаз атанғандар:
3 орын – ерекше балаларға арналған "Тамшылар" абилитациялық орталығының жобасы.
Топ қатысушылары анық әлеуметтік бейімдегі өз бизнес-идеясын сапалы пысықтағаны үшін 200 000 мың теңге сомасына BFF.kz дүкенінде өнім сатып алуға сертификат алды.
Олар аутизмі, Даун синдромы, дамуында іркілісі бар, жүріс-тұрысында проблема кездесетін бар балаларға арналған, өзіне баланың дамуын түзету, оның бейімделуі мен әлеуметтік орта мен қоғамға интеграциясының тиімді әдістемелері кешенін шоғырландырған абилитациялық орталықты ашуды ұсынды.
Неліктен реабилитацияның орнына абилитация?
Абилитация – мүгедектерді өмірге бейімдеуге бағытталған, оларға қатысты емдеу және/немесе әлеуметтік іс-шаралар.
2 орын мен 300 000 теңге сомасына сертификаты B-ilim тобы жеңіп алды.
Жобаның негізгі мақсаты – "Lego" қағидасы бойынша конструкторларды қолданумен факультативтік сабақтарды ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларында физика мен информатикаға деген қызығушылықты ояту. Тек балалар модульдерінің орнына конструкторда түрлі электронды механизмдер, сымдар, батареялар қолданылып, ақырында олардың көмегімен, дұрыс ұстаным ұстанған жағдайда, жұмыс жасайтын физикалық үлгіні жасап шығуға болады.
Осындай факультативтермен қатар, бизнесті ұйымдастырушылар жазғы маусымда көшпелі лагерьді іске қосуды жоспарлар отыр. Ондағы негізгі арқау конструктор жасауға деген ұмтылысты тудыру болмақшы.
Және де бірінші орын мен 500 000 теңге сомасына сертификатты "Жердегі жанасу сілтемелері" жобасы алды.
Жоба авторлары мамандандырылған мекемелер, бағдаршамдар, көру мүшесі әлсіз тұлғалар үшін ерекше қауіпті жерлердің маңайына төсеуге болатын арнайы бедерлі плитканы қолдануды ұсынады.
Мұндай плитка ерекше қажеттілігі бар адамдардың кеңістікте оңай бағдар жасауына көмектеседі.
Жобаның бүгінгі таңдағы мәртебесі – Астана қаласындағы Қарттар үйіне арналған толықтай орындалған тапсырыс. Жоспардағысы – басқа да медициналық-әлеуметтік мекемелермен келісім-шарттар жасасу.
Үшінші «Өндіріс және қызмет» секциясының да жеңімпаздарына кезек келді.
3 орын мен 200 000 теңге сомасына @BFF.kz дүкенінен өнім сатып алуға сыйлық сертификатты коворкинг жобасымен Цоколь тобы алды.
Иә, фрилансерлерге арналған қолжетімді жұмыс кеңістігінің жетіспеушілігі проблемасы әлі күнге дейін өзекті болып отыр, сондықтан да жастар осы бір әзірше қамтыла қоймаған нарыққа өз ковокинг-орталықтарымен кіруді шешіпті. Жобадағы негізгі сөз - «қолжетімді». Кім білед, бәлкім, олардың жобасы іс-шара өтіп жатқан ТМД-дағы ең ірі Multi Space коворкинг-орталығының лайықты бәсекелесіне айналып қалар.
2 орын мен 300 000 теңге сомасына сертификат биошірінді қалталар өндірісі идеясымен «Эко пакет» тобына бұйырды.
Жастардың негізгі идеясы, мақтауға да тұрарлық, полиэтилен қалталарға қарағанда жылдам шіріп кететін қалталар өндірісі, бұл экологияны ластанудан сақтауға көмектесетін болады.
Дамыған елдердің тек қағаз қалталарды ғана қолдануға рұқсат ететін стандарттарға әлдеқашан шығып кеткені барлығымызға белгілі, ал еліміздің негізгі арқауы «жасыл» экономика болатын EXPO-2017 көрмесін өткізуге дайындалып жатқанын ескере отырсақ, жобаның әлеуеті зор.
1 орын мен 500 000 теңге сомасындағы басты сыйлықты «Дені сау бөбек» тобы алды.
Салауатты тамақтану сәні адамдардың санасына енгелі де біршама уақыт өтті. Осы тенденция ағымын пайдалана отырып, топ 100% табиғи сүт өнімдерін өндіруді ұсынды. Жүргізілген маркетингтік зерттеулерге сәйкес, халықтың 62%-дан астамы табиғи азық-түлік сатып алуға дайын. Өнімнің мақсаттық аудиториясы – емізетін аналар, үш айдан асқан балалар, спортшылар мен өз денсаулығын күтуші адамдар. Бір айта кететіні, бір жасқа дейінгі балалар өлімі 3%, сондықтан да тамақтану сапасын көтеру өлім көрсеткішін төмендетуге жәрдемдесетін болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: