Қазақстандық тамақ өндірушілердің Ресей және Белорусь сауда желілеріне кіруі қиынға соғуда
Ағымдағы геосаяси жағдай мен батыстық жеткізушілерге қатысты ресейлік ықпалшаралар жағдайында қазақстандық азық-түлік өндірушілер ашылған нарықтық орындарды толтыру үшін мүмкіндік алуда, деген пікір жиі айтыла бастады. Сонымен бірге, статистикаға сенетін болсақ, қазақстандық тамақ өндірушілер ерекше экспорттық қуатқа ие емес. Осындай жағдайға себеп болатын мәселелер төңірегіндегі сауалдарға Қазақстанның Тамақ өнеркәсіптері одағының вице-президенті Айжан Наурызғалиева жауап берді.
Айжан Наурызғалиева
- Одақтарыңызға шарап өндіру бизнесінің де өкілдері де кіреді. Сонымен бірге алкоголь және шарап өнімдерін өндіруші өкілдер Кеден одағы елдерінің нарығына қолжетімділік төңірегіндегі мәселелерді жиі көтеруде. Осы саладағы жағдай өзгерді ме?
- Өкінішке орай, әлі өзгерген жоқ. Қазақстанның шарап өндірушілері үлкен проблеманы бастан кешуде. Жағдай күрделі, және де біз талаптарды өзгертуге тырысып жүрміз. Ең алдымен, олардың өнімдері акцизделетін тауарларға жататындығын түсіну қажет. Нәтиже ретінде, олар мемлекеттік субсидия ала алмайды. Осы жағынан біз Ресей үлгісімен жүзім және шарап өндірісін ауыл шаруашылық өнімдері қатарына жатқызуды сұрап отырмыз. Ойлағанымызға қол жеткізіп жатсақ, жүзім шаруашылығы дамуында қосымша серпін алатын болады.
- Қазақстандық экспортшыларға қандай талаптар қойылады?
- Қазірде қазақстандық экспортшыларға қойылатын екі негізгі шарт бар: арнайы көліктің болуы және ресейлік банктегі жеткізу көлемі мөлшеріндегі депозит. Біріншісі – бизнестің лицензиялық түрі, Ресейде лицензия алумен проблемалар туындауда. Ал депозитқа келетін болсақ, оның мөлшері ресейлік нарыққа қолжетімділік үшін айтарлықтай кедергі болып отыр.
Сонымен қатар, дүкендер мен супермаркеттер сөресіне шығуда проблема болып тұр, бірақ бұл жағдай бізде, Қазақстанда да орын алып отырады. Отандық тауарлардың өз сөресіне орналастырылуы үшін, ритейлердің үлкен көлемдегі бонустар талап еткен бірқатар оқиғаларға да куә болғанбыз. Оларға қол жеткізудің ішкі өндіріске тікелей әсер ететіндігі түсінікті.
- Сонда проблема әлі күнге дейін шешілмеген бе?
- Біз келесі нұсқаны ұсынған едік: Белорус тәжірибесін қолдану, онда сауда нүктелерінде жергілікті өндіріс тауарларының кем дегенде 50% көрсетілуі бойынша заңнамалық норма бар. Өкінішке орай, әзірше бізге ешкім құлақ асып жатқан жоқ.
- Тамақ өндірушілерде басқа да проблемалар бар ма?
- Тамақ саласы кәсіпорны үшін айналымдық капиталдың болуы негізгі проблема болып қала береді.
- Заемдық қаражатты айтып отырсыз ба?
- Негізінде, солай деуге де болады, алайда шындығында мәселені оларсыз да шешуге болады. Бұл жағдайда шешімді салық заңнамасын жақсартудан көріп отырмын. Сонда мәселе де туындамайды.
- Мәселен?
- Салық мәселелері бірнеше блоктан тұрады. Біздің қауымдастыққа етті қайта өңдеуші, сүт, кондитерлік кәсіпорындар, суды өндірушілер және көптеген басқалары кіреді. Қазірде, Салық кодексінің 272 бабына сәйкес, егер кәсіпкер өндірілген өнімнің 70 пайыздан астамын экспорттайтын болса, ҚҚС нөлдік мөлшерлеме бойынша төлейтін салалар тізбесі анықталды.
Қазірде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ҚҚС орнын толтырудың жаңа тәртібін енгізуді ұсынып жатырмыз: 1. Айналымдарды нөлдік мөлшерлеме бойынша жүзеге асыратын, сонымен бірге экспорт бойынша айналымдары 70% шектен кем болатын салық төлеушілер үшін ҚҚС қайтару мүмкіндігі. 2. Терілер мен ауыл шаруашылық жануарларының жүнін қайта өңдеу, мақтаны, балықты қайта өңдеу, кондитер өнімдерін өндіру және ашытқы өндірісі сияқты маңызды бағыттарға ҚҚС төлеу бойынша 70%-дық салық жеңілдігі әрекетін кеңейту.
Бұл осы кәсіпорындардың қаржылай тұрақтылығын нығайтып, осы тауарлар экспортының өсуіне көмектеседі деген ойдамыз.
Келесі бір мәселе ҚҚС қайтару мерзімдері болып табылады. Қазақстанда алдымен көптеген ықтимал тексерістер жүргізіленді, ал жеңілдікті алу бір жылға дейінгі уақытты алуы мүмкін, не болмаса нешетүрлі бұзушылықтарды сылтауратып, тіптен болдырылмауы да мүмкін. Осы процесті жеңілдету керек деп ойлаймын. Мысал ретінде Ресей тәжірибесін қолдануға болады. Онда орнын толтыру экспортты куәландыратын құжатты ұсынған соң жүреді.
Сонымен бірге, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар үшін ҚҚС үлкен проблема болып табылады. Мәселенің мәні бүгінгі таңда көптеген отандық қайта өңдеуші кәсіпорындардың шикізатты ҚҚС төлеуден босатылған жеке меншік тауар өндірушілерден сатып алатындығында болып отыр, ал қайта өңдеушілер болса - 12% салық төлейді. Әрине, бұл өндіріс тиімділігін төмендетіп, дайын өнім құнын ұлғайтады. Тікелей жеке меншіктен шикізат сатып алатын ауыл шаруашылық қайта өңдеушілеріне салық қысымын төмендету қажет деп ойлаймыз, яғни біз ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін ҚҚС мөлшерлемесін 6% дейін төмендетуді ұсынамыз. Еуропа мен Ресейдің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, тамақ өнімдерін өндірушілер үшін ҚҚС мөлшерлемесі онда негізгі мөлшерлемеден шамамен 2 есе төмен. Қазақстанда мұндай ұстанымды қолдану біршама жоғары салық жүктемесінің салдарынан ресейлік тауар өндірушілердің өнімдеріне орын беретін біздің өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік берер еді.
Сонымен қатар корпоративтік табыс салығын есептеу әдістемесін оңтайландыру қажет. Қазірде біздің кәсіпорындар өткен жылдың көрсеткіштерінен есептелген КТС төлеп жүр. Осы себептен ағымдағы жылы кәсіпорынның қиындық шегетін жағдайлары туындайды да, өткен жылғы табыс жанама түрде қосымша ауыртпалық кейпін алады. Осының салдарынан бизнес бюджет алдындағы салықтық берешегін жабу үшін кредит алуға банкке баратын жағдайлар да кездеседі.
Мәселе салықтан босату жайында болып отырмағанын түсінген маңызды. Біз КТС есептеудің салық ақшаны алған соң ғана төленетін кассалық әдісін енгізуді ұсынамыз.
- Сұхбатыңызға рахмет!
Әңгімелескен Арман Жақып
Пікір қалдыру:
Пікірлер: