«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұсақ фермерлер жыл сайын өз түісімінің үштен бірінен айрылады

2014 жылғы 04 Қыркүйек
4357 просмотров

Қазақстанның Фермерлер одағы Ауыл шаруашылық министрлігіне элеваторлар мен Астық қабылдау кәсіпорындарына (АҚК) қатысты ұсыныстарын жолдады. Фермерлер бірлестігінің мәліметтері бойынша, элеваторлар мен АҚК иегерлері құжаттардағы сандар арқылы амал-шарғы жасай отырып, олардың қуаттылықтарында сақталып тұрған астықтың үлесіне иеленіп алу мүмкіндігіне ие.

"Проблема бүгінгі таңда әрекет ететін астықты сандық-сапалық есептеу Ережелерінің астарында жатыр. Ол үстірт жазылған. Мазмұнына тоқталмай, тек мынадай бір мысал келтіре кетейін. 70 жылдары элеваторлар мен АҚК-ға астық тапсыру процедуралары 24 бетке жазылатын болған, ал бүгінде бұл 3 бетке де жетпейді! Мәселе әріптің санында емес, әрине, мазмұнында ғой. Кеше фермерді мемлекет қорғаса, бүгінде қорғамайды. Егер сіз осы Ереженің мәніне жан-жақты үңілетін болсаңыз, онда АКҚ акционерлерінің алдындағы фермерлердің мүлдем құқықсыз жағдайын көресіз", - деген ойда Қазақстан Фермерлер одағының басшысы Әуезхан Дәрінов.

Одақтың есептеріне сүйенсек, АҚК және элеватор иегерлерінің шаруалар өсірген астығынан пайда табуының оннан астам тәсілі бар. Олардың бірі – астық ылғалдығы көрсеткішімен айла-шарғы жасау.

"Мысалы, фермер ылғалдығы 15%, 100 тонна астықты сақтауға тапсырады. Шарттарда АҚК 13% қояды. Яғни АҚК осы күйге дейін кептірмекші. Шын мәнісінде, барлық экспорт шарттарында дерлік 14% ылғалдылық тұр, демек 13% дейін кептірудің қажеті жоқ, және де оны ешкім кептірмейді де. АҚК біршама ылғал астықты ылғалдығы аз астықпен жай ғана араластыра салады. Ақырында, АҚК көрсетілмеген қызмет үшін төлем алады. Біздің мысалымызда, фермер бір тоннаны ғана жоғалту керек, ал ол бірі АҚК-да қалып қоятын екі тоннасынан айрылады. Былай қарағанда, ұсақ-түйек, алайда ел көлемінде бұл өте үлкен сомалар Біздің есептеулеріміз бойынша, АҚК тарапынан айла-шарғы жасау осылайша іс жүзінде ештеңе өндірмей, ештеңе салмай, жоқ жерден шамамен 70 000 тонна астыққа иеленуге мүмкіндік береді, ал бұл 2 млрд теңгеге жуық сома", - деп санайды Ә. Дәрінов.

Одақта атап өткендей, астық сақтайтын өзінің жеке меншік орны жоқ әрбір фермер орташа алғанда қалған 75-80% сақтап қалу үшін, шамамен 20-25% түсімінен айрылады. Мұнда шаруа қожалықтары осал боп келеді. Егер 2013 жылы еліміздегі шаруа қожалықтары 4,7 млн тонна бидай өндірсе, АҚК қызметіне төлем үшін астық түрінде және ақша түрінде шамамен 1 млн тоннадан айрылған. Ал бұл дегеніміз – олардың жинаған астығының үштен бірі.

Фермерлер одағы ұсыныстарының бірі – ылғалдылық пен арамшөптің бірыңғай, базалық күйін орнату. Осылайша, АҚК құбылту мүмкіндігінен айрылып, астықты тапсыру/қабылдау процедурасы ашық жүретін болады. Сонымен қатар, одақ кезінде дәурен еткен мемлекеттік астық инспекциясын қайта жаңғыртып, оның құқықтары мен мүмкіндіктерін қайтаруды алға тартуда. "Бүгінде АӨК инспекциясының өкілдерін кез-келген элеваторға кіргізе бермейді, олар тарапынан қадағалау туралы айтпай-ақ қоюға болады", - деп атап өтті одақта. Сонымен бірге, астық инспекцияларына тапсырушылар мен АҚК арасындағы даулы жағдайларды шешу құқығын бекітуді ұсынуда, яғни инспекторлардың шешімі соңғы сөз болуға тиіс. Керісінше жағдайда сот дау-шарлары жылдап созыла беруі мүмкін. Ақшалай және уақыт жағынан шығындарымен бірге ұзақ уақытқа созылатын соттың істі қарауы көбінесе шаруаларды үрейлендіріп, олар өздерінің мүшкіл жағдайына төзіп, жүре береді.

Анатолий Вересков


Еншілес ұйымдар

Серіктестер