Үкімет бизнестің бастамаларын қолдады
5 қыркүйекте премьер-министр Кәрім Мәсімов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен, ҰКП төралқасының салалық комитеттері төрағаларымен, Өңірлік палаталар директорларымен кездесті. Жиналыс барысында отандық бизнесті қолдау бойынша ҰКП бастамалары мақұлданды. Ұсыныстар түрлі салаларды қамтыды – Агроөнеркәсіптік кешеннен бастап фармацевтикаға дейін.
Жиналыс барысында Ресейге қатысты ықпалшаралардың, сондай-ақ оның жауап қадамдарының Қазақстан экономикасына ықтимал әсеріне ерекше назар аударылды. ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін таныстырды. Оған сәйкес, өңірлердегі бизнесмендердің көңіл-күйі оптимизмге толы. Сауалнаманы Палата бизнестің сенімділігі индексін өлшеу үшін қолданылатын The Economist журналының әдістемесі бойынша жүргізді. АӨК компаниялары мен тамақ өнеркәсібінің шамамен 400 басшысы сауалнамадан өтті – респондеттердің 47% ойынша, бизнес үшін жағдай жалпы жағымды. Олар сұраныстың ұлғаюын күтіп отыр, және де бұдан әрі де инвестициялауға дайын. Ресейге қатысты ықпалшаралар мен басқа да геосаяси себептер кәсіпкерлерді соншалықты алаңдатпайды. Ең негізгі жағымсыз факторлар арасында – жанармай бағасының өсуі.
Өңірлік кәсіпкерлер палаталары өкілдері Үкіметтің басшысын облыстарда ықпалшараларға байланысты ешқандай дүрлігудің, азық-түлік нарығындағы тапшылықтың орын алмағанына сендірді.
Жиналыста кредиттер мен инфрақұрылым қолжетімділігі мәселелері, ауыл шаруашылық өндірушілерін субсидиялау механизмін жетілдіру мәселелері талқыға түсті. АӨК және тамақ өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында ҰКП 23 қыркүйекте осы салалардағы жүйелік мәселелерді шешу бойынша ұсыныстармен «жол картасын» ұсынбақшы.
Кәсіпкерлер үкіметте сонымен қатар шамамен 700 мың адам жұмыс жасайтын құрылыс саласының проблемаларын көтерді. Бизнесмендердің ойынша, құрылыс көлемінің төмендеуіне бір себеп ипотеканың қолжетімділігі болып табылады. Салынып жатқан 6,8 млн ш.м тұрғын үйдің ең болмаса 1 млн ш.м ипотекамен қамтамасыз ету ұсынылды. Үкіметте ипотекалық кредиттерді қайтармау тәуекелінің салдарынан арендалық тұрғын үй құрылысы қажеттігіне назар аударуда. Кәсіпкерлер өз кезегінде жалға беруді де, ипотеканы да дамытуды ұсынды.
Үкімет құрылыс мердігерлігі шарттары бойынша шығындар девальвациясы салдарынан туындаған өтемақылар туралы ҰКП ұсынысына қолдау көрсетті. Ұлттық экономика министрлігі осы мақсаттағы бюджет шығынын 50 млрд теңге көлемінде бағалады. Бұл қаражат келесі жылғы бюджетте қарастырылуы мүмкін.
Құрылыс саласы үшін заң шығару саласындағы монополист болып табылатын ҚазҚСҒЗИ қызметі туралы мәселе де сөз болды. Құрылысшыларды осы институт жұмысының сапасы қанағаттандырмайды. Оның қызметін бәсекелес ортаға беру ұсынылды. Жалпы, бастама қолдау тапты. Үкімет жыл аяғына дейін бұл мәселенің шешімін таппақшы. Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігі ҰКП ұсынған құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді шешеу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітуге уәде берді.
Денсаулық сақтау саласына келер болсақ, кәсіпкерлер сақтандыру медицинасына көшуді жеделдетуді сұрап отыр. Бұл жеке меншік медицина компанияларының дамуына серпін беріп, медициналық қызмет сапасының жақсаруына көмектесетін болады. Бұл ұсыныс та қолдау тапты. Сонымен қатар, ІТ-сектор өкілдерінің сұрауы бойынша шетелден жоғары білікті мамандарды тарту тәртібін жеңілдету мүмкіндігі қарастырылмақшы.
ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев мемлекет отандық бизнесті қолдау үшін теңдессіз шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, негізгі ұсыныс бірнеше жыл бойы 18% деңгейінде келе жатқан экономикадағы ШОБ үлесін көтеру болып қала береді. «Макроортаны жақсартпайынша шағын және орта бизнестің дамуы туралы айту оңай емес. Қаржы қаражатының қолжетімділігі, зейнетақы ақшаларын даму мүддесіне қолдану мәселесін шешу маңызды. Салық дауларын сотқа дейін қарау механизмдері қажет. Біздің мақсатымыз экономикалық өсу болып табылады», - деп баса айтты Тимур Құлыбаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: