Үлескерлер қаражаттарына кепілдік беру қоры: іс заң шығарушылардың қолында
Қазақстанда үлескерлік құрылыс қатысушыларының қаражаттарына кепілдік беру мәселесі қайтып оралды. Сенімсіз салушылар тізімінің қалыптасуына орай үлескерлерді қорғау жөніндегі бұл жұмысқа Парламент өкілдері де кірісті.
Қазақстан Үкіметі Оңтүстік Корея тәжірибесінен үлгі алмақшы және үлескерлік құрылыс қатысушыларының қаражаттарына кепілдік беру қорын құру мәселесін зерттеуде.
"Біз механизм дайындап жатырмыз, бізде үлескерлік жарналар бойынша арнайы кепілдік беру қорын құру мәселесі бар. Бұл Оңтүстік Корея тәжірибесі бойынша. Бұл жұмысты «Бәйтерекпен» бірге қыркүейктің соңын ала аяқтаймыз. Қажет өзгертулер мен толықтырулар болады. Үлескерлердің қаражаттарын қатаң реттеу бойынша заңнамалық базаны 1 қаңтарға қарай құрылыс компанияларына қойылатын талаптарды күшейту бойынша жалпы пакетпен бірге қабылдаймыз, деген ойдамын", - деді экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі мәжіліс комитетінің отырысында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
Үкімет бұрындары «Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік қатысу туралы» заң жобасын даярлап қойған болатын. Бұл жоба үлескерлік құрылыс қатысушылары үшін тәуекелдерді барынша азайтуға тиіс. Енді бұл процеске депутаттар да келіп қосылды.
Бұл заң жобасында екі механизм қарастырылған. Бірінші механизм – салушы немесе жобалаушы компания банктен қарызданады. Бұл сценарий бойынша үлескерлердің қаражатын нөлдік цикл сатысынан тартуға болады, одан ерте емес. Оның үстіне салушының да инвестициялар бойынша міндеттемелері болады – ол өз қаражатының 20-30%-н жобаға салуға тиісті болады. Осыдан соң ғана үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу үшін баруға болады. Шарт қаражаттың мақсаттық қолданылуын бақылайтын және құрылыс барысында әрбір төлемге рұқсат беретін инжинирингтік компаниямен жасалады.
Екінші механизм банктік кредиттеудің қарастырмайды, алайда бұл жағдайда салушыға қойылатын талаптар қатаңырақ. Үлескерлердің қаражатын тек құрылыс қаңқасы көрінгенде ғана тартуға болады. Бұл жағдайда да төлемдерді ендігі жерде акцептемейтін, бірақ мақсаттық қолдануды бақылап, үлескерлер алдында есеп беретін инжиниргтік компания іске қосылады.
Былтырғы жылы ғана Ұлттық банк үлескерлердің құқықтарын қорғау механизмі ретінде үлескерлік құрылысқа қатысушылар алдындағы салушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға қарсы шығып, кепілдік беру қорын құруды ұсынған болатын.
Қазақстанның құрылыс компаниялары үлескерлерді қорғау механизмінің жоқтығынан, олардың инвестицияларын тартуда қиыншылықты бастан кешуде.
Анатолий Вересков
Пікір қалдыру:
Пікірлер: